Әкесі қайтыс болғаннан кейін ЭКО әдісімен дүниеге келген балаларға асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы тағайындалады
|

Ресей Федерациясының конституциялық соты ата-анасы қайтыс болғаннан кейін ЭКО әдісімен (жасанды жолмен ұрықтандыру) дүниеге келген балалардың асыраушысынан айырылғандығына байланысты берілетін сақтандыру зейнетақысына құқысы болатыны жөнінде шешім шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сот «сақтандыру зейнетақылары туралы» федералды заңның 10-бабының 1 және 3-тармақтарын конституцияға қайшы деп таныды. Сот шешімінде қосалқы репродуктивтік технологиялардың көмегімен жүкті болған балаларға ата-ана қайтыс болғаннан кейін ата-анасының қайтыс болуы мен баланың туған мерзімі арасында 300 күннен аспайтын уақыт өткен жағдайда әлеуметтік жәрдемақы тағайындалуы тиіс делінген. Қазір мұндай балалар үшін әлеуметтік қамсыздандыру заңмен қарастырылмаған. Сонымен қатар, конституциялық кеңестің кейбір мүшелері мұндай зейнетақы төлеуге қарсы болды. Мәселен, Михаил Барщевский есімді КК өкілі Телеграм әлеуметтік желісінің қожайыны Павел Дуровты мысалға келтірді. Оның кемінде 100 баланың әкесі болуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Михаил Барщевскийдің пікірі бойынша мұндай қадам әйелдердің ерлердің биоматериалдарын пайдалануына, содан кейін асыраушысынан айырылу зейнетақысына жүгінуіне әкеледі. Ал бұрынғы әділет министрі болған Александр Коноваловтың айтуынша, 300 күн мерзіміне қатысты норма түзетуді қажет етеді. Өйткені, бұл аралықта ЭКО әдісімен дүниеге келген бала асыраушысынан айырылған болып үлгермейді. Асыраушысынан айырылу бойынша сақтандыру әлеуметтік зейнетақысының мөлшері қайтыс болған адамның еңбек өтілі мен жинақталған ұпайларының санына байланысты есептеледі.




