Ирандағы декоративті тастың қоры қанша
Ирандағы декоративті тастың қоры қанша
4 жыл бұрын 3230 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Парсы елінің өнеркәсіп, кен және сауда министрінің орынбасары Дариуш Есмайыл ел аумағындағы декоративті тас қоры 4 млрд тоннаны құрайтынын мәлімдеді. Осылай дей келе ол ел билігі тарапынан бұл салаға, дәлірегі, декоративті тасты өңдеу саласына қаржы құйғысы келетін инвесторларға қолдау көрсетілетінін жеткізді.  Сөз орайы келгенде айта кету керек, құрылыста қолданылатын декоративті тас өндірісі бойынша Иран әлемде көш басында тұрған бес елдің бірі, дәлірегі, бұл көрсеткіш бойынша әлемде екінші орынға табан тіреген ел. Аталған ел аумағында декоративті тас өндіретін 2000-нан аса шахта бар, олардың 1200-ы жұмыс істейді. Шиғалар елі жылына 30 млн тонна декоративті тас өндіреді, 400 мыңға тарта адам осы салада жұмыспен қамтылған. Өткен жылы Иран 13 млн тоннадай декоративті тасты экспорттаған болатын. Декоративті тас өндірісі шиғалар елінің тау-кен өндірісіндегі жетекші салалардың бірі.

Ұқсас жаңалық: 

"Декоративті (сәндік) тасты өндіруде көш басынан көрінген ел" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/dekorativti-sandik-tasty-ondirude-kosh-basynan-koringen-el-12047/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат