|
Христиандар мұсылмандарға қалай қолдау көрсетті?
|
Канаданың Колд Лейк қаласындағы ислам орталығына вандалдар шабуыл жасап, барлық терезесін шағып, қабырғасын айғыздап кеткен. Айғыздап кеткенде де «елден кетіңдер» деп қоқан-лоққы көрсеткен. Жергілікті тұрғындар осы қаладағы мұсылман жамағатына қолдау көрсету үшін ислам орталығы ғимаратының қабырғасындағы жазуды өшіріп, оның орнына «сіз өз үйіңіздесіз» деген жазу жазылған плакат іліп тастады. Сондай-ақ, қала әкімі Крэйг Коуплэнд те келіп, вандалдардың әрекеті үшін мұсылмандардан кешірім сұрады. Бұл жайында Global News ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды