Халал тәттілер өндірісінің әлеуеті
Халал тәттілер өндірісінің әлеуеті
5 жыл бұрын 7772 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мұсылман емес елде, дәлірегі, Молдова аумағында халал сертификатына ие болған тағам - балаларға арналған тәттілер. Шариғат талабына сай дайындалған тәттілер нарығының болашағы зор. Біріншіден, мұндай тәттілер Еуропада, соның ішінде құрамында мұсылман елдері болған бұрынғы КСРО құрамындағы Молдовада өндіріліп отыр. Бұл тәттілер тек кейінгі кезде мұсылмандар қарасы көбейіп келе жатқан кәрі құрлыққа және ТМД аумағына таралып қоймай, 40 мұсылман мемлекетіне жөнелтіледі. Экспорттық әлеуеті жоғары өнімді әзірге 14 ел экспорттауда. Екіншіден, шариғат талабына сай әзірленген тәттілер көптеген елдерге таңсық тауар. Аталмыш елдің экономика министрі Кирилл Габурич осылай мәлімдеді. Үшнішіден, аталған өнімнің шариғат талабына сай дайындалғанына екі бірдей аса беделді ұйым кепілдік беріп отыр. Атап айтқанда, тиісті халал сертификатын Түркияның стандарттау институты (TSE) және Ислам елдерінің стандарттау және метрология институтының (SMIIC) қолдауымен сертификаттау жөніндегі халықаралық ұйым (ICAS) берген. 

0 пікір
Мұрағат