|
Халал индустриясының айналымы 2 трлн доллардан асты
|
Әлемдік халал индустриясының айналымы 2 триллион доллардан асты және бұл көрсеткіш өсе түсуде. Бұл жайында ғаламдық ислами экономика жөніндегі баяндамада айтылған. «Халал индустриясының даму келешегі орасан. Аталмыш баяндамада келтірілген дерекке үңілсек, 2019 жылы бұл саладағы сауда айналымы кем дегенде 3,7 триллион долларға дейін жетуі мүмкін»,- деді Малайзияның халықаралық сауда және өнеркәсіп министрі Мұстафа Мұхаммед. Өткен жылы, яғни, 2015 жылы аталған елдің, яғни, Малайзияның шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдерді экспорттаудан түсірген табысы 10 миллиард долларға жеткен. Халал өнімдерді өндірумен айналысатын өндіріс 250 мың жаңа жұмыс орны ашуға мүмкіндік берген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)