Ғаламды берекесіздік жайлайтын дәуір жақындап келеді
Ғаламды берекесіздік жайлайтын дәуір жақындап келеді
4 жыл бұрын 4957 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай мен АҚШ арасындағы қырғи қабақ соғыс осы уақытқа дейін қалыптасқан әлемдегі тәртіп жүйесін бұзып, осы алдағы он шақты жыл ішінде адамзаттың ендігі даму жолын айқындап береді. Deutsche Bank стратегі Джимм Рейдтің пікірі осындай. Аталмыш несие ұйымының сарапшысы экономикалық қатынастардың әлсіреуі өз кезегінде әлемдегі екі алып державаның (АҚШ-Қытай) әдетте бәсекелес елдер арасында орын алатын әскери жанжалды білдіретін Фукидида тұзағына түсіп қалуына себеп болатынын жеткізді. Deutsche Bank сарапшыларының шолуына қарағанда, әлемде мұндай жағдай 16 рет орын алған әрі олардың 12-сі соғысқа ұласқан. Сонымен қатар, сарапшылар АҚШ пен Қытай арасында саяси жанталас пен әскери жанжалдың тікелей қарулы майданға ұласа қоймайтынын алға тартып отыр, алайда, сауда соғысы секілді түрлі экономикалық қатаң шектеулердің орын алуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Экономикалық санкция, тарифтерді шектен тыс көтеру немесе бұғаттау, технологияларды сатуға тыйым салудың ақыры әлемді екі лагерге бөлуі мүмкін. Бұл аралықта ҚХР, РФ, ЕО және Түркия энергетикалық ресурсқа бай Таяу Шығыс аймағында және Африка құрлығында өз ықпалын орнатуға күш салады. Жақын болашақта еуропалық несие ұйымдары осы уақытқа дейін үйіп-төгіп берген қарызын қайтара алмай қалуы мүмкін. Мұның арты дағдарысқа, ақша эмиссиясына ұласып, инфляцияны тездетеді. Бұл тығырықтан шығу үшін Еуропалық одақ «тікұшақ ақшасы» саясатына көшуі мүмкін: яғни, қаржы саласына емес, үй шаруашылығына немесе экономиканың нақты секторына қаржы құюды ұйғаратын тәсілге жүгінуі ықтимал. АҚШ пен Қытай арасындағы текетірес тек экономикалық қатынасқа қана кері әсерін тигізіп қоймай, сонымен қатар, көптеген елдердің саяси құрылымына да елеулі өзгеріс тудыруы мүмкін. Өйткені, пандемия кезінде теңсіздік секілді әлеуметтік мәселелер ушығып кетті. Мемлекеттік аппарат ауқатты азаматтар мен корпорацияларға салықты үсті-үстіне арттыру арқылы бұл мәселенің шешімін тапқысы келеді. Алайда, осы уақытқа дейін қалыптасқан әлем картинасының түбегейлі өзгеруіне алып келетін бүгінгі күннің кереғарлыққа толы жер мен көктей айырмашылығының салдары тек материалды салада ғана емес, сонымен қатар, Deutsche Bank болжамы бойынша 2030 жылдан кейін саяси өмірде де көрініс табады.  Дәлірегі, электораттағы ұрпақ ауысу, яғни, 1980-ші жылы дүниеге келгендердің саяси белсенділігі артады. Deutsche Bank өкілінің сөзіне қарағанда, технологиялық бәсекелестік пен бақталастық тоқтамайды.

0 пікір
Мұрағат