Француздардың 9 млн-дай минасынан қанша мұсылман жер құшты
Француздардың 9 млн-дай минасынан қанша мұсылман жер құшты
4 жыл бұрын 1726 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алжир кезінде өздерін отарлап, халқын қанап, байлығын сүліктей сорған француздардың көміп кеткен миналарынан қанша азаматынан айырылғанын дәлелдейтін құжатты Біріккен Ұлттар Ұйымына табыс етті. Алжирліктердің аталмыш тақырыптағы баяндамасында келтірілген мәліметтер төбе шашыңызды тік тұрғызады: шамамен 9 млн минадан 7300-ге тарта алжирлік азамат опат болған екен. Баяндамада, сондай-ақ, осыдан он шақты жыл бұрын ел аумағын минадан тазарту жұмыстарының қалай атқарылғаны, революция кезінде француз миналарынан 2470 адамның, ал тәуелсіздік алғаннан кейін 4830 адамның қаза тапқаны айтылған. Бұдан бөлек, минаға түсіп, жарақат алғандардың кем дегенде 20 пайызы өмір бойы кемтар болып қалғаны да айтылған. Баяндамада, сонымен қатар, 1956 жылдан бері үзбей жүргізіліп келе жатқан минадан тазарту жұмыстары кезінде белгілі болғандай, әл-Тарип, Сук-Акрас, Гелма, Тебесса, Тлемсен, Наама және Бешар шекаралық провинцияларында минадан бақилық болғандар мен жарақат алғандар қарасы көп болып шықты. 1956 жылдан осы уақытқа дейін 62 мың гектарды құрайтын Алжир аумағы минадан тазартылды. Нақтырақ әрі тарқатыңқырап айтқанда, 2004 жылдың қараша айының 27-нен 2016 жылдың желтоқсан айының 1-не дейін «Морис сызығына» (Туниспен шекара маңындағы) жататын аудандар минадан тазартылды. Бұл өңірден, яғни, 12 418 194 гектар аумақты алып жатқан өңірден 1 035 729 мина табылған, яғни, айына шамамен 1750 минадан «айналады». Алжир билігі 1974 жылдың қаңтар айында қабылданған халықаралық нормаға сай минадан зардап шеккендерге өтемақы өндіріп алуды көздеп отыр. Франциядан.

0 пікір
Мұрағат