Филиппин мұсылмандары кімдер және олардың тарихи жеңісі
Филиппин мұсылмандары кімдер және олардың тарихи жеңісі
5 жыл бұрын 3036 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазақ айтатын – дүнеинің қиыр шетінде өмір сүріп жатқан филиппиндік мұсылмандар туралы мағлұмат жұтаң. Филиппинде мұсылмандар қалай пайда болды? Тарихы қандай? Азды-көпті мәліметтердің өзінде қайшылық кездеседі. Десе де pavel-shipilin.livejournal.com ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, қазіргі филиппиндік мұсылмандар шоғырланған Минданао аралында 1520 жылы Малайзия тумасы Шәріп Кабунгсуан сұлтанат құрып, ол билік еткен тұста аталмыш арал мен көрші аралдарды исламды насихаттау кеңінен етек алған екен.

Ал restinworld.ru дерек көзінің мәліметіне жүгінсек, Филиппин архипелагының оңтүстік бөлігін жайлаған, жалпы «моро» деп аталатын ұлысқа ислам дінін арабтар жеткізген. Олардың ата-бабалары Оңтүстік-шығыс Азияда сонау IX—X ғасырларды пайда болып, қытайлармен сауда-саттық жүргізген. Қытай жылнамаларынан белгілі болғандай, IX ғасырдың орта шенінде араб саудагерлері қытайдың оңтүстігінен түре қуылған. Сауда-саттықтың басқа жолын іздеген арабтар Борнео, Филиппин және Тайванда болған. Бұдан бөлек, XIV ғасырда филиппин архипелагына Малака түбігеніндегі  Джохора өңірінен исламды қабылдаған таусоги және самал тайпалары келіп қоныстана бастайды. Жергілікті мұсылмандар испан отарлаушыларымен кескілескен ұрыс жүргізіп, тәуелсіздігін сақтап қалады. Бұдан өзге тарихи мәліметтер жоқтың қасы.

Бүгінгі таңда Минданао сұлтанат жүйесі билік тарапынан мойындалмаса да, билік мақұлдамаса да сақталып қалған. Осы заманғы конституция бойынша азаматтарды титулы мен басқа да өзгешеліктеріне қарай бөліп-жаруға тыйым салынған. Десе де сұлтанат моролардың тарихы ғана емес, сонымен қатар, мәдени мұрасына айналып кеткен.

Естеріңізде болса, бұрын да, дәлірегі, өткен жылдың орта шенінде хабарлағанымыздай, Флиппиндегі мұсылмандар өз автономиясын алуға талпыныс жасап, нәтижесінде федералды билік арнайы заң қабылдаған болатын. Филиппиндік мұсылмандар мұнымен ғана шектеліп қалмай, автономиясын, яғни, дербестігін ұлғайтуға күш салып жатыр. Нәтиесінде таяуда Филиппиннің оңтүстігінде өткен осы мәселеге қатысты референдумда талай жыл федералды католиктік орталық пен елдің оңтүстігінідегі мұсылмандар арасындағы текетірес (120 мыңнан аса адамның өмірін жалмаған қантөгіс)  мұсылмандардың пайдасына шешілді. Екі тарап та өзара ымыраға келіп, федералды орталық Минданаодағы 2,8 млн мұсылманның даусымен санасып, автономиясын кеңейтті. Минданаоның автономды билігі Бангсаморо («Моро халқы») атаауына ие болмақ. Бұл жайында арабтардың «әл-Жазира» ақпарат көзі хабар таратты. Федералды орталық тек аталмыш автномияның қорғанысы мен қауіпсіздігіне, қаржылық және ақша саясатын жүргізу құқығына ғана ие. Референдум нәтижесі бойынша. Ресми нәтижесі қаңтар айының 26-ы күні жарияланады. Осыдан кейін автономияны кеңейтуге бағытталған заң қабылдануы тиіс.

0 пікір
Мұрағат