«Facebook-молда» туралы не білесіз?
«Facebook-молда» туралы не білесіз?
10 жыл бұрын 4235

Ауғанстанның солтүстігіндегі Бамиан провинциясының 63 жастағы тұрғыны, имам Мұхаммед Сажат Мохсени ел арасында «Facebook-молда» деген атпен танымал болды. Міне, үшінші жылдың жүзі болды, ол өзінің жамағатына әлеуметтік желі арқылы ақыл-кеңесін беріп келеді. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа дінді түсіндіру үшін осы заманғы технологияның көмегіне жүгініп, көп-көрім нәтижеге қол жеткізген. Ауғандықтар оны «кәдімгі имам» ретінде қабылдағанымен ол Facebook желісінде өз парақшасын ашқаннан кейін бәрі өзгеріп сала берді. Ол үйінен шықпай-ақ өзі оқыған діни әдебиеттер турасында күн сайын ойын білдіріп отырады екен. Имам интернет иірімдерін игергеннен кейін оған өзін толғандырған сауалдарды көзбе-көз қоюға қысылатын ұялшақтар емін-еркін сұхбаттасатын болған әлеуметтік желі арқылы. «Facebook-молда» олардың кей сауалдарына жауап бере алмай қиналатын кездерінің болатынын да жайып салды. Мәселен, қасиетті Құранда әулие Мария есімі неше рет қайталанатыны жайындағы және т.б. секілді сауалдар. Ол жауап беру үшін дереу Google-ге кіріп, іздегенін дереу тауып алатынын да жасырмады. Сондай-ақ, бұрын ғаламтордың тілін білмейтін кезде өзіне қойылған сауалдардың жауабын табу үшін талай уақыт талмай ізденуіне тура келетінін де тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат