Есірткіні интернетте насихаттағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Есірткіні интернетте насихаттағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
3 жыл бұрын 1954 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаттары әлеуметтік желіде есірткіні насихаттап, жарнамалағандарға қатысты Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекске енгізілетін түзетулерді қолдады. Яғни, аталмыш заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Бұл жайында РФ Мемлекеттік думасының сайтында хабарланды. Дәлірегі, жобада РФ ҚК-нің 230-шы бабын жаңа жіктеліммен толықтыру қарастырылған – есірткі заттарын насихаттаумен байланысты қылмысты жасау барысында интернетті пайдаланушыны жауапкершілікке тартуды көздейтін  түзетумен толықтырылды. Аталған түзету авторлары, сондай-ақ, кем дегенде екі адамның өліміне себеп болған, есірткілік заттарды қолдануға итермелеуге қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатайтуды ұсынды. Аталмыш түзету бойынша айыпталушы 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Осы заң жобасын әзірлеуге атсалысқан Ресейдің ішкі ісіне шет мемлекеттердің қол сұғу фактілерін тергеу жөніндегі комиссия жетекшісі Василий Пискарев есірткіні интернет арқылы тарату қарқын алған бүгінгі күнде есірткімен күрес үшін бұл шараның тиімділігі жоғары екенін тілге тиек еткен.

0 пікір
Мұрағат