Елес тудыратын саңырауқұлақпен күйзелісті емдеуге рұқсат етті
Елес тудыратын саңырауқұлақпен күйзелісті емдеуге рұқсат етті
3 жыл бұрын 2402 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Канада билігі ел тұрғындарына псилоцибиндік (елес тудыратын, яғни, галлюцинация шақыратын) саңырауқұлақпен күйзелістен (депрессия) зардап шегетін науқастарға емдік мақсатта қолдануға рұқсат етті. Бұл жайында islam.kz порталы Unilad ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарға қарағанда, ел аумағында мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр. Аталмыш саңырауқұлақ психотроптық зат болғандықтан оны қолдануға 45 жыл бойы тыйым салынып келген болатын. Аталған елде осы уақытқа дейін псилоцибинді (елес тудырушы саңырауқұлақ құрамында кездесетін психобелсенді зат) өндіруге, сақтауға, саудаға шығаруға қатаң тыйым салынып келген еді. Тек бір мақсатта ғана – зертханадағы зерттеу кезінде қолдануға рұқсат етілген. Бұдан былай аталған зат күйзелісті де емдеу үшін қолдануға рұқсат етіліп отыр. Таяуда АҚШ-тың Орегон штатында да елес тудырушы саңырауқұлақты емдік мақсатта қолдануды заңдастырып, оны пайдаланғандарға қатысты қылмыстық жауапкершілікті қолданыстан алып тастаған болатын. 

Ұқсас жаңалықтар: «Беті бері қарамайтын 4 науқасқа «елес тудыратын» саңырауқұлақты тұтынуға рұқсат етілді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/beti-beri-qaramaityn-4-nauqasqa-eles-tudyratyn-sanyrauqulaqty-tutynuga-ruqsat-etildi-13960/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат