Экономикасы озық мұсылан елі аталды
Экономикасы озық мұсылан елі аталды
2 жыл бұрын 1956 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ислам экономикасының ғаламдық индикаторы Малайзияны 81 елдің ішіндегі экономикасы көш бастаған ел ретінде атады. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Малайзия – мұсылан елдері арасында ислами қаржы және шариғат талаптарына сай өнімдері мен көрсетілетін қызмет нарығы арқылы экономикасы өркендеген мемлекет. Малайзия, тіпті, бұл тарапта Саудияның өзін артқа қалдырған – ислами қаржы, халал өнімдер мен қызметтер, шариғат талаптарына сай саяхат, т.б. көрсеткіштер бойынша көш бастап, жоғары балл жинады. Оңтүстік-шығыс Азияда орын тепкен осынау мұсылман елі, сонымен қатар, фармацевтикалық өнімдері (дәрі-дәрмек), опа-далап нарығы бойынша алғашқы ондыққа енген. 9 жыл қатарынан 9-шы орынға ие болған Малайзия исламдық қаржыландыруда, әсіресе, жақсы нәтиже көрсетті, шариғат талаптарына сәйкес келетін қорлардың құнын 20%-ға өсірген екен. Ал аталған аймақтағы тағы бір мұсылмман елі – Индонезия жалпы рейтингте төртінші орыннан көрінген. Индонезия ислами қаржы технологиясы бойынша алға басып келе жатқаны айтылған. Сонымен бірге, мұсылмандар қарасы көп Сингапур ислам сәні мен саяхаты бойынша жетістікке жетіп, бұл тізімде 15-ші орынға жайғасқан.

Ұқсас материал: 

"Халал парктер экологиялық-индустриялық кластер ретінде алға шығады" (https://islam.kz/kk/news/alem/halal-parkter-ekologiyalyq-industriyalyq-klaster-retinde-alga-shygady-16025/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат