Халал парктер экологиялық-индустриялық кластер ретінде алға шығады
Халал парктер экологиялық-индустриялық кластер ретінде алға шығады
3 жыл бұрын 1508 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халал талаптарын сақтау, шариғат талаптарына сай өнімдер өндірісі мен көпсетілетін қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін халал сертификаты жеткіліксіз. Бұл сала қарқынды дамып келе жатқандықтан, халал индустриясы жаңа белеске көтеріліп, жаңа дәуірге аяқ басып келеді, дәлірегі, бұл арада халал парктер, халал бизнес орталықтары, логистика, дистрибьютерлік орталықтар турасында сөз болып отыр. Мұрат Шымшық есімді профессор сарапшының халал индустриясының беталысына қатысты шолу материалын беруді жөн көрдік. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Эко-индустриялы халал парктері(Eco-Industrial Halal Parks) халал индустриясына басқаша көзбен қарауды талап етеді. Мәнісі сонда – шағын және орта бизнес, мүддесі ортақ компаниялар мен мекемелер белгілі бір аумақта парктер мен кластер қалыптастырады. Өз өнімдерін өткізу үшін. Мұндай кластерлер тігінен және көлденеңінен бір-бірімен байланысты бірнеше салалардан тұрады.  Мұндай парктер халал сертификатына ие болу үшін шариғат талаптарына сай құрылуы тиіс, мәселен, ондағы жұртшылық назарына ұсынылатын өнімдер шариғат талаптарына сай әзірленуі тиіс, халал тест үшін зертханасы болуы керек, халал өнімдердің арасында шариғат талаптарына сай емес өнімдердің кетіп қалмайтынын қадағалайтын арнайы бақылау органы болуы тиіс, т.б. Яғни, өздеріңіз де байқаған шығарсыздар, тек бизнес өкілдері ғана ашпайды мұндай парктерді, өнеркәсіп, сауда-саттық министрлігі секілді құзырлы орындармен қатар халал өнімдерді аккредитациялаудан өткізетін діни органдар да атсалысады. Халал парк индустриялы парктен айрықшаланады. Өнімдер тек шариғат талаптарына сай болып қойғаны жеткіліксіз, гигиена мен экологиялық талаптарға да сай болуы талап етіледі. Әлемде мұндай халал парк ең алғаш рет Малайзияда пайда болды. Бұл тарапта аталған мұсылмен елі көш бастап тұр. Одан кейінгі орыннан Индонезия көрінген – 2024 жылы әлемдік халал орталығына айналдыруды алдына мақсат етіп қойды. Бұл бағытта индонезиялық мұсылмандар бірқатар шаруаның шалғайын қайырып қойған: интеграцияланған халал аймағы арқылы тұтынушыларға қызмет көрсетіледі. Мұнда екі халал өнеркәсібінің аймағы бар, олар Индонезияның өнеркәсіп аймағымен интеграцияланған: Серанг-Бандендегі осы заманғы Шиканде халал өнеркәсіп аймағы және Сидоарджо ауданында орын тепкен Safe ‘n’ Lock Halal халал өнеркәсіп аймағы. Жакарта қаласындағы алғашқы «Халал парк» 2019 жылы ашылыпты. 2020 жылы бірыңғай халал опа-далап пен дәрі-дәрмектен тұратын, аумағы 17 гектарды алып жатқан Битаминдо индустриялы паркі ашылды. Осындай тағы бір парк – аумағы 100 гектарды алып жатқан Бинтан пракінде халал азық-түлік пен тағам өнімдері сатылады. Қытайдың атвономды (дербес) Нинсиа-Хуэй ауданында да индустриялық парк ашылған, бұл паркте халал өнімдер саудасы ғана емес, сонымен қатар, халал материалдарды өңдеу кәсіпорны да жұмыс істейді. Халал парктер енді ашылып жатыр. Оңтүстік Африка республикасында, дәлірегі, Батыс-Кап провинциясында «Халал индустриялы паркі» жобасы қолға алынып жатыр. Роттердам айлағы халал логистика концепциясын дамытуда. Мұнда Halal Distri Park жұмыс істейді. Бұлардан бөлек, Англияың Оңтүстік Уэлс графтығында Super Halal Industrial Parks (супер халал индустриялы паркін» құру бастамасы көтеріліп жатыр. Мұндай ұсыныс Жапонияда да айтылып жатыр. Қысқасы, әлемдік нарықтағы халал өнімдерден түсетін табыстан  өз үлесін алып қалғысы келетін елдер осы бастан қам жасап жатыр. Дегенмен мұндай халал парктер әлемдегі халал индустриясының дамуына тың серпін бере алады.

Pengunjung melihat produk UMKM dari Rumah Kreatif BUMN (RKB) binaan BNI saat Launching Halal Park di Senayan Jakarta, Selasa (16/4). Halal Park yang akan bertransformasi menjadi Halal Distrik didesain menjadi ekosistem bagi pelaku industri gaya hidup halal di Tanah Air. (Liputan6.com/Angga Yuniar)

 

0 пікір
Мұрағат