Ислам өркениетіне арналған аса ірі мұражай ашылды
Ислам өркениетіне арналған аса ірі мұражай ашылды
2 жыл бұрын 1869 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Стамбұл мегаполисіндегі Шамлыжа мешітінде ислам өркениетіне арналған ауқымды мұражай ашылды. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сәуір айының 8-ікүні салтанатты ашылуына мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанның өзі қатысты. Аталмыш мәдени нысанның аумағы шамамен 10 мың шаршы шақырымға жетеді. Онда ислам өнерінің даму тарихынан сыр шертетін 800 еңбек жұртшылық назарына ұсынылған. Тарихи, діни жәдігерлер, тұрмыстық бұйымдар, т.б. қысқасы, 15 экспозиция нақты бір тақырыптарға арналған. Бұл мұражайдан Пайғамбарлап падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мөрінен бастап, қасиетті Қағбаның жабындысына дейін, сондай-ақ, Османлы падишаһтарының киімдері мен османлы ақшаларына дейін тамашалауға болады. Мұражай температурасы бір қалыпты, бұл жәдігерлердің ұзақ уақыт сақталуына ықпал етеді. Арнайы датчиктер экспонат бүлінген немесе зақымдалған жағдайда дабыл қағады, адамның жүзін тану жүйесі іске қосылған қаскүнемдіктің алдын алу үшін.

0 пікір
Мұрағат