|
Дінтану ғылыми мамандық номенклатурасына енгізілді
|
Ресей Федерациясының ғылым және жоғарғы білім беру министрлігінің бұйрығымен дінтану (теология) білім саласы ретінде жаңа ғылыми мамандықтар номенклатурасына енгізілді. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған номенклатураға сай дінтану әлеуметтік және гуманитарлық ғылым саласына жатқызылып отыр, осыған байланысты дінтану үш негізгі жаңа мамандықты қамтиды: «Теориялық теология», «Тарихи теология» және «Нақты теология». Аталған үш мамандықта үш зерттеушілік бағыт белгіленді: ислам, православ және иудалық.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Ұрыны ауадағы «ізі» арқылы ұстауы мүмкін