Діни сенімі бойынша араздық қоздырғандарды бас бостандығынан айыру жазасы айыппұлмен алмастырылды
Діни сенімі бойынша араздық қоздырғандарды бас бостандығынан айыру жазасы айыппұлмен алмастырылды
3 жыл бұрын 2518 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Тәжікстан президенті Емомали Рахман адамды діни сеніміне, ұлтына, нәсіліне қарай алалап, араздық қоздырғандарды бас бостандығынан айыру азасын айыппұлмен алмастыру көзделген заңға енгізілген түзетуді мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы тәжік басылымдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы уақытқа дейін діни, нәсілдік немесе ұлттық араздыққа жол бергенде қылмыстық жауапкершілікке тартылып келген еді. Дәлірегі, жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып осындай заңға қайшы қадамға барғандардың бес жылға дейін бас бостандығын шектейтін. Ендігі жерде тиісті заңнамаға енгізілген түзетуге байланысты мұндай араздыққа жол бергендерге 2,9 мың сомоннан (тәжіктердің ұлттық валютасы) 5,8 мың соионға дейін айыппұл салынады. Я болмаса бестен он күнге дейін абақтыға жабылады. Егер осындай айыппен көзге түскен тұлға бұл әрекетін қайталаса, екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

0 пікір
Мұрағат