Дания климат үшін мұнай мен газ өндіруді тоқтатады
Дания климат үшін мұнай мен газ өндіруді тоқтатады
3 жыл бұрын 2800 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Дания билігі 2050 жылға қарай Солтүстік теңізден мұнай мен газ өндіруді тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы кәрі құрлықтағы аталған ел климат өзгерісіне тосқауыл қою мақсатында 2030 жылға дейін ел аумағынан атмосфераға бөлінетін ластаушы заттарды 70 пайызға дейін азайтып, 2050 жылға қарай климаттық бейтарап ел атану төңірегінде келісімге келген болатын. Дания Еуропалық одақ құрамындағы аса ірі мұнай мен газ өндіретін мемлекет. Данияның энергетика және климат проблемалары жөніндегі министрі Дан Йергенсен қазбалы байлық дәуіріне осылайша соңғы нүкте қоюды көздеп отырғандарын мәлімдеген еді. 2020 жылдың есебі бойынша Дания мұнай шикізатының 83 мың баррелін өндірген. 2050 жылға дейін мұнай өндірісін тоқтатса, аталған ел қазынасы 2,1 млрд долларға ортаяды. Осы жылдың маусым айында аталған елдің министрлер кабинетінің кеңесшілері Солтүстік теңізде мұнай мен газ кенін барлау жұмыстарын тоқтатуға кеңес берген болатын.

0 пікір
Мұрағат