Бионикалық сарбаздарға арналған микрочип жобасы мақұлданды
Бионикалық сарбаздарға арналған микрочип жобасы мақұлданды
4 жыл бұрын 2004 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Франция билігі ауру мен стреске төзімді бионикалық сарбазды жасауда пайдаланылатын микрочип-имплант өндірісін мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің қарулы күштер министрлігінің этика комитеті мәлімдегендей, бұл қадам Францияның бұл бағыттағы жобаларға ден қойған өзге елдердің көшінен қалып қоймауы үшін жасалып отыр. Осы мақсатта қолға алынатын зерттеу барысында микрочиптің құрылымы үшін тыныштандыратын затты бөлу, ми қызметін жақсарту, сонымен қатар, сарбазды ұзақ уақыт бойы сергек ұстайтын әрі ауруға төзімді ететін дәрі-дәрмек қарастырылған. Бұдан бөлек, ғалымдар әскер штабына сарбаздың жай-күйін қашықтан бақылауға әрі орнын анықтауға мүмкіндік беретін физиологиялық параметрлерді ескеруге мүмкіндік беретін имплантат жасауды көздеп отыр. Франция қорғаныс министрі Флоранс Парли өздерінің бұл бастамасын моралдық тұрғыдан қолдай қоймайтын топтардың наразылығына қарамастан мұндай жоба келешекте елдің қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерге лайықты тойтарыс беруге дайындайтынын мәлімдеді. 

0 пікір
Мұрағат