Биометрикалық сәйкестендіру: адамды қан тамырларынан тану жүйесі іске қосылады
Биометрикалық сәйкестендіру: адамды қан тамырларынан тану жүйесі іске қосылады
3 жыл бұрын 1314 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дамды алақанындағы қан тамырлары арқылы тануды, яғни, оның тұлғасын биометрикалық әдіспен анықтауды банктердің өз клиентіне қолдану мүмкіндігі туды. Мұндай опцияны РФ орталық банкі бірыңғай биометрикалық жүйесіне енгізуді көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде РФ орталық банкінің баспасөз қызметіне жөн сілтеген «Российская газета» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш технология сынақтан өскен әрі тиімділігі жоғары. Бұл технология сөйлей алмайтын адамдарды тануға көмектеседі. Десе де аталған технологияны енгізудің өзі қиындықтары бар: біріншіден – мұндай құрылғы тым қымбат; екіншіден, мұндай технологиямен жұмыс істейтін құрылғыларды бірқатар ауруларды оңалтуға арналған техникалық құралдар тізіліміне енгізу керек. Осы уақытқа дейін бірқатар ресейлік несие ұйымдары адамның тұлғасын анықтаудығ мұндай жүйесін енгізіп те қойған. Мәселен, Ресейдегі актив мөлшері бойынша алғашқы 40 банктің қатарын толықтырған Ақ барыс қаржы мекемесінде әлдеқашан енгізілген. Аталмыш қары мекемесінің баспасөз қызметінде биометрияның мұндай түрі мейлінше сенімді екені айтылды – қан тамырларының бейнесі қайталанбайды әрі өмір бойы өзгермейді. Десе де «Финансовые инновации»  қауымдастығы басқармасының жетекшісі Роман Прохоров адам тұлғасын анықтау жүйесінің елдегі биомтерия мәселесін түбегейлі шешпегенін алға тартып отыр. Мұндағы ең басты қиындық – халық тарапынан туындаған сенімсізді болып отыр. Мұндай жүйені пайдаланатындар қарасы өте аз. Нәтижесінде мұндай жүйені пайдалану тиімсіз саналады. Бұдан бөлек, ел тұрғындары жеке мәліметтерінің, дәлірегі, биомтерикалық деректің қолды болуынан қауіптенеді. Мәселен, Group-IB компьютерлік криминалистика зертханасының жаттықтырушысы Сергей Золотухин бүгінгі таңда ақпараттарды сенімді жолмен сақтау, өңдеу, жинау жүйесі жоғын мәлімдеді. Сол себепті, мұндай технологияларға сақтықпен қарап, оны қорғанудың негізгі қалқаны ретінде емес, қосымша құралы ретінде қарастыру керек деп отыр.

Ұқсас материалдар: 

«Адамды қан тамырларына қарап танитын жүйе жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamdy-qan-tamyrlaryna-qarap-tanityn-juie-jasaldy-12398/#gsc.tab=0);

«Адамды көлеңкесіне қарап танитын технология ойлап табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamdy-kolenkesine-qarap-tanityn-tehnologiya-oilap-tabyldy-12322/#gsc.tab=0);

«Адам тану технологиясы қанша қашықтықтан адамды жүрсінен таниды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-tanu-tehnologiyasy-qansha-qashyqtyqtan-adamdy-jursinen-tanidy-12763/#gsc.tab=0);

«Адамның жүзін тану жүйесін алдайтын нейрожелі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-juzin-tanu-juiesin-aldaityn-neirojeli-paida-boldy-15581/#gsc.tab=0);

«Бақылау камерасына адамды көрінбейтін ететін өрнек жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/baqylau-kamerasyna-adamdy-korinbeitin-etetin-ornek-jasaldy-foto-13570/#gsc.tab=0);

«Адамның жүзін тану жүйесін түрік ғалымы ойлап тапқан» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-juzin-tanu-juiesin-turik-galymy-oilap-tapqan-12251/#gsc.tab=0);

«Әлемде тұңғыш рет полицияға адамды тану жүйесін пайдалануға тыйым салды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-tungysh-ret-politsiyaga-adamdy-tanu-juiesin-paidalanuga-tyiym-saldy-11850/#gsc.tab=0);

 «Еуропа ондаған млрд еуро шығын әкелетін заңды не үшін қабылдады» (https://islam.kz/kk/news/alem/europa-ondagan-mlrd-euro-shygyn-akeletin-zandy-ne-ushin-qabyldady-15534/#gsc.tab=0);

«Еуропалық одақ адамның жүзін тану жүйесін енгізуге тыйым салуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/europalyq-odaq-adamnyn-juzin-tanu-juiesin-engizuge-tyiym-saluy-mumkin-13041/#gsc.tab=0);

«Сот адамның жүзін тану жүйесін пайдалануды заңсыз деп тапты» (https://islam.kz/kk/news/alem/sot-adamnyn-juzin-tanu-juiesin-paidalanudy-zansyz-dep-tapty-13978/#gsc.tab=0);

«Енді интернетке адамның жүзін тану жүйесі арқылы кіретін боласың» (https://islam.kz/kk/news/alem/endi-internetke-adamnyn-juzin-tanu-juiesi-arqyly-kiretin-bolasyn-12507/#gsc.tab=0);

«Адамның жүзін тану жүйесін әжетханаға дейін қойып жатыр... Бұл не үшін қажет болды?» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamnyn-juzin-tanu-juiesin-ajethanaga-deiin-qoiyp-jatyr-bul-ne-ushin-qajet-boldy-12562/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі ел азаматтарын қадағалауды күшейтуге мүмкіндік беретін тағы бір шараны қолға алып жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-el-azamattaryn-qadagalaudy-kusheituge-mumkindik-beretin-tagy-bir-sharany-qolga-alyp-jatyr-12785/#gsc.tab=0 

0 пікір
Мұрағат