Әлем кедей елдердің кесірінен апат алдында тұр
Әлем кедей елдердің кесірінен апат алдында тұр
3 жыл бұрын 2048 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жылдан жылға қарқын алып келе жатқан, адамзатқа тікелей қауіп төндіре бастаған климат өзгерісімен күресу жолындағы қиындықтар шығып жатыр, дәлірегі, әлем елдерінің климаты мен табиғаты, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, т.б. факторлар жаһандық жылынудың бетін қайтаруға кедергі келтіреді. Бұл сөзімізді бірыңғайда климат ерекшелігіне байланысты жаһандық жылынумен күресте дәрменсіздік танытып отырған Біріккен Араб Әмірлігінің басындағы кеп растайды - сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған (қараңыз: «Араб елі жаһандық жылынумен күресуге дәрменсіздік танытып отыр...» (https://islam.kz/kk/news/alem/arab-eli-jahandyq-jylynumen-kuresuge-darmensizdik-tanytyp-otyr-15666/#gsc.tab=0). Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі көлікті жылжыту бағдарламасы (UNEP) бөлімінің жетекшісі Роб де Йонге жөн сілтеген Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Табысы төмен елдердің атмосфераны ластамайтын электрмен жүретін автокөліктерді сатып алуға жағдайы жоқ. Яғни, осындай себеппен көмірқышқыл газын бөлетін, дәлірегі, дизелді отынмен жүретін автокөліктерден бас тарта алмайды. 1751-2017 жылдар аралығында Африка құрлығындағы елдер мен Латын Американың парникті газды бөлу үлесі әлемдік мөлшерге шаққанда үш пайыздан аспаған болатын. 2019 жылы Африкада атмосфераға 1,43 млрд тонна, ал Латын Америкасында 1,1 млрд тонна көмірқышқыл газы бөлінген. Ал бұл көрсеткіш сол жылы Еуропалық одаққа мүше елдерде 2,92 млрд тоннаны құраған еді. Атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының үлесі тұрғындар қарасы көбейген сайын сайын арта береді. Мәселен, Кенияда 2005 жылдан бері атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшері екі есеге өскен, соның ішінде автокөлік құралдары бөлген ластаушы заттар өзге салаларға қарағанда артық болған. Кения астанасы – Найроби қаласындағы автопарктер саны әр сегіз жыл сайын екі есеге көбейіп отыр, ел тұрғындарының арасында атмосфераға зиянды қалдықтарды молынан бөлетін, дизелді отынмен жүретін, матату деп аталатын шағын автобустар кеңінен пайдаланылады. ЕО құрамындағы елдер 2035 жылға дейін электермен жүретін автокөліктерге толық көшеді. Бұл өзгеріс өз кезегінде атмосфераға бөлінетін парникті газдың мөлшерін 55 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, ЕО экологиялық стандартқа сай емес импорттық тауарларға салық салады.

0 пікір
Мұрағат