Бес елдің барлау қызметі Қытай билігінің індетке қатысты ақпаратты қасақана жасырғанын дәлелдеді
Бес елдің барлау қызметі Қытай билігінің індетке қатысты ақпаратты қасақана жасырғанын дәлелдеді
4 жыл бұрын 2391 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«Бес көз» деп аталататын, құрамына америкалық, австралиялық, жаңа зеландиялық, канадалық және ағылшындардың тісқаққан сарапшылары кіретін арнайы барлау қызметінің одағы Қытай билігінің ел аумағында пайда болған аса қауіпті, жұқпалы індет ошағы туралы ақпаратты әу баста өзінің мүддесі үшін жасырып, әлемге алдын алу үшін ескертпегенін дәлелдеп берді. Бұл жайында Daily Telegraph ақпарат көзі хабар таратты. Тәжді тажалдың адамнан адамға жұғатыны турасындағы айғаққа Қытай билігі 2019 жылдың желтоқсан айының бас кезінде ие болған. Алайда, Қытай билігі бұл мәліметті қаңтар айының 20-на дейін теріске шығарып келді. Бұдан бөлек, Қытай билігі аталмыш виурасқа қатысты кез келген деректің таралуына тосқауыл қойып келген. Fox News телеарнасы өз кезегінде «Бес көз» дайындаған Қытай билігінің тәжді тажалға қатысты ұстанымы мен әрекеттерін баяндайтын 15 беттік досьедегі  мағлұматтардың америкалық барлаушылардың келтірген дерегімен сәйкес келетінін хабарлап отыр.

Қарай отырыңыз:

"Америкалық сарапшы Қытай билігін «адамзатқа қарсы қылмысқа барды» деп айыптап отыр" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/amerikalyq-sarapshy-qytai-biligin-adamzatqa-qarsy-qylmysqa-bardy-dep-aiyptap-otyr-13421/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат