|
Баласынан айырылғандардың демалысын ұзартудан бас тартты
|
Францияның Ұлттық ассамблеясы баласынан айырылған ата-аналардың демалысын 5 күннен 12 күнге дейін ұзартудан бас тартты. Бұл жайында BFM TV ақпарат көзі хабар таратты. Десе де аталмыш ел президенті Еммануел Макрон Ұлттық ассамблеяның бұл шешімімен келіспейтінін аңғартты: «Адамгершілік танытуымыз керек» деп мәлімдеме жасау арқылы. 2019 жылдың қаңтар айының 31-і күні баласы бақилық болған жұмысшылардың еңбек демалысын ұзарту туралы бастама қолдау таппаған болатын. Бұл шешім өз кезегінде қоғам тарапынан да, жұмыс берушілер мен үкімет тарапынан да наразылыққа ұшыраған еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)