Балаларға қатал қарағандар өлім жазасына кесіледі
Балаларға қатал қарағандар өлім жазасына кесіледі
3 жыл бұрын 2741 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Yonhap

Оңтүстік Корея өлім жазасы қолданылатын елдердің бірі. Аталған елде өлім жазасы 1895 жылдан бері қолданылып келеді, яғни, тарихы тереңде жатыр. Алғашқы кезде өлім жазасына кесілген қылмыскерді қинап, азаптап өлтіру (кескілеп, қол-аяғын бұтарлап өлтіру, дарға асу арқылы жүзеге асырылған). Бүгінгі таңда таңғы шық еліннің қылмыстық кодексі бойынша бүлік шығарған, яғни, ел ішінде лаң салып, мемлекет қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін бүлікке бастаған адамға (87-ші тарау), шетелдікпен ауыз жаласқандарға, яғни, опасыз сатқындарға (92-тарау), кісі қанын мойнына жүктеген қандықол қылмыскерлерге (250-тарау), т.б. өлім жазасы қарастырылған. Ендігі жерде балаларға қатыгездік танытқандарға да өлім жазасын қолдану заңдастырылды. Бұл жайында islam.kz порталы Korea Herald ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елде өлім жазасын қолдануға қатысты бұқаралық, яғни, әлеуметтік сауалнама жиі жүргізіліп тұрады. Мұндай сауалнамалардың көбісінің нәтижесінде өлім жазасын қолдайтындар қарасы көп болып шығады. Орташа есеппен алғанда ел тұрғындарының 70 пайызы өлім жазасына тыйым салуға қарсы. Ұлттық ассамблеяның пленарлық мәжілісінде балаларға қатал қарағандарға жаза қарастырылған заңды қайта қарауға қатысты заң жобасы ұсынылған. Аталмыш заң жобасында қасақана өлтіру ниеті болмаса да балалар өліміне апарып соқтырған жағдайға тікелей қатысы бар тұлғаларға өлім жазасын қолдану қарастырылған. Jeong-in Act («Чон Ин заңы») деген атауға ие болған түзету атауы асырап алған ата-анасы тарапынан қатал қараудың нәтижесінде көктей солған 16 айлық қыз бала есімінің құрметіне алынып отыр. Қасақана өлтіруді мақсат тұтпаса да бала өліміне кінәлі тұлға өлім жазасына кесілуі мүмкін немесе жеті жылдан өмір бойы бас бостандығынан айыруы мүмкін. Жоғарыда аталған пленарлық мәжіліске қатысқан 254 депутаттың 252-сі жақтап дауыс берген, біреуі қарсы шыққан, тағы біреуі қалыс қалған. Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, балаға қатал қарауға қатысты арыз-шағым жылдан жылға артып келеді: мәселен, 2015 жылы мұндай шағымдар қарасы 11 мың болса, 2019 жылы 30 мыңға дейін жеткен. Сондай-ақ, пленарлық мәжілісте жасөспірімдерге қарсы қылмысқа жауапкершілікті күшейтуді ұйғаратын бірнеше заң жобасы қабылданды. Бұл тараптағы түзетулер бойынша бұдан былай жасөспірімдерді төсек қатынасында пайдаланғандарға үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 30 млн вон (шамамен 11 млн теңге) айыппұл салу қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат