|
Ауыр дертке шалдыққан науқастарды емдеу үшін қор құрылады
|
Өзбекстанда онкогематологиялық және емі қиын дерттерден азап шегетін науқастарды сауықтыру бағытында арнайы қор құрылады. Бұл жайында өзбектердің бұқаралық ақпарат құралдары аталған ел президентінің тиісті қаулысына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі жанынан ашылатын қор темекі өнімдерінің акцизінен түскен алым-салықтан, қайырымдылық қорлар аударған қаражаттан, сондай-ақ, коммерциялық банктер депозитіндегі уақытша еркін ақшадан түскен табыстан қаржыландырылады. Бұдан бөлек, аталмыш құжат негізінде мамандандырылған гематологиялық ғылыми-зерттеу медицина орталығы құрылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)