Ауасы ең лас алты ел аталды
Ауасы ең лас алты ел аталды
9 ай бұрын 842 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығындағы және Азиядағы бірқатар елдің ауа сапасы сын көтермейтін деңгейге жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Чикаго университетінің энергетика саясаты институтының (EPIC) ғалымдары түзген жыл сайынғы ауа сапасының индексіне (AQLI) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті мамандар денсаулыққа аса қауіпті атмосферадағы PM 2,5 қатті бөлшектердің шоғырлану деңгейін бағалай келе әлемде алты елдің ауасының сапасы мүлдем сын көтермейтінін анықтады: Бангладеш, Үндістан, Пәкістан, Қытай, Нигерия және Индонезия. Азияның оңтүстігінде орын тепкен елдердегі PM2,5 деңгейі 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 пайызға артқан, нәтижесінде аталған аймақта тұратын тұрғындардың орташа ғұмыр жасы (өмір сүру ұзақтығы) шамамен бес жылға кеміген. Ауа сапасының төмендеуі адамдар денсаулығы үшін безгек, ВИЧ секілді аурулардан да қауіпті сипат алған. Greenpeace тәуелсіз, халықаралық қоршаған ортаны қорғау ұйымының есебінше, ауаның ластануынан әлем экономикасы жыл сайын 8-9 млрд доллар шығынға батады. Дәлірегі, жаһандық жалпы ішкі өнімнің 3,3%-нан айырылады. Соның ішінде Қытай - 900 млрд доллар, АҚШ - 600 млрд доллар, Үндістан - 150 млрд доллар. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, күллі әлем бойынша ауаның ластануынан жыл сайын 5 жасқа дейінгі 1,7 млн-нан аса бала көктей солады. 


0 пікір
Мұрағат