Араб елінің мұнай қоры 20 пайызға артты
Араб елінің мұнай қоры 20 пайызға артты
3 жыл бұрын 5330 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі ел аумағынан мұнайдың жаңа кен орны табылғанын мәлімдеді. Аталған кен орнындағы мұнай қоры 22 млрд баррелды құрайды. Бейнелеп айтқанда, мұнайдың бұл қоры әлемдегі мұнайды ең көп өндіретін Саудияның немесе Ресейдің алты жылдағы өндірген мұнайына тең келеді. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі араб елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша БАӘ-нің алпы мұнай қоры 20 пайызға артты. Аталған кен орны табылмай тұрғандағы аталған араб елінің мұнай қоры 100 млрд баррелден асатын. Осы тұста БАӘ билігінің қазан айының 19-ы күні Саудия мен Ресей арасындағы қатынастың күрделі сипат алуына орай ОПЕК форматындағы мұнай мәмілесінен шығатынын ескерткенін айта кетпекпіз. Десе де БАӘ билігінің мұндай қадамға әлемдік мұнай нарығындағы өз орнын жоғалтып алу ықтималдылығы жоғары қатерге  байланысты барғанын айта кетпеске болмайды. Осы жаздың соңына таман БАӘ мұнай өндірісін шектеуге қатысты міндеттемесін бұзған болатын. Осыған байланысты Саудия тарапынан қатаң ескерту алған еді. Алайда, БАӘ билігі мұнай өндірісіне қатысты квотаны әділетті бөлінбейді деп есептеп отыр.

0 пікір
Мұрағат