Араб елінде өзгенің жоғалған затын 48 сағат ішінде полицияға өткізуге міндеттейтін ереже қабылданды
Араб елінде өзгенің жоғалған затын 48 сағат ішінде полицияға өткізуге міндеттейтін ереже қабылданды
30 күн бұрын 1205 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінде бөгде адамның мүлкін тапқан адам 48 сағат ішінде жақын жердегі полиция бөлімшесіне табыс етуі керек. Өйтпеген жағдайда, бөтеннің дүниесін жымқарды деген айыппен оның үстінен қылмыстық іс қозғалады.  Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елі аумағынан табылған затты рұқсатсыз иеленіп кету, өзінде сақтау,  пайдалану немесе өзге біреуге беру (сату немесе сыйлау) қылмыстық жауапкершілік қарастырылған әрекетке жатады. Дубай қаласында «Табылған заттар мен бұйымдар бюросы» бар. «Ақылды» технологияға негізделген. Осы күнге дейін жалпы құны 18 млн дирхам болатын 80 мың жоғалған бұйымның иесіне қайтарған екен. Алда-жалда БАӘ аумағында қандай да бір құнды затыңызды жоғалтып алсаңыз, Дубай полициясының қосымшасында жоғалған бұйымыңызды  іздеуге өтініш бере аласыз. Құқық қорғау органдарына жоғалған заттар туралы, сондай-ақ, олардың жоғалған уақыты мен орны туралы мүмкіндігінше толық мәлімет беруі керек. Егер сізде фотосурет болса, оны да жүктеп салу керек. Сондай-ақ, Smart Police Station (SPS) немесе 901 нөміріне қоңырау шалу арқылы өтініш беруге болады. 

0 пікір
Мұрағат