Араб елі Ұлыбританияға инвестиция құюдан бас тартуы мүмкін
Араб елі Ұлыбританияға инвестиция құюдан бас тартуы мүмкін
2 ай бұрын 453 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Лондонның көлік департаменті автобустарда, таксилерде және британ астанасының метросында Катарға туристік сапарларға арналған жарнамаларды орналастыруға тыйым салған соң Катар Лондонға инвестиция құю саясатын қайта қарастыра бастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Reutres ресурсына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы жанжалдың түп-төркіні Катар билігінің әлем чемпионаты кезінде ЛГБТ насихатына тыйым салатын қатаң ұстанымында жатыр. «Біз мұны мэрдің Лондонда Катар бизнесіне қызығушылықтың жоғалғаны туралы хабарламасы ретінде қарастырамыз», - деп мәлімдеді инвестициялық шолу жобасын басқаратын лауазымды қызметкерлердің бірі. Күллі әлем көз тігетін дүбірлі дода өткізіп жатқан Катар бүгінгі таңда Лондон мегаполисінің негізгі инвесторларының бірі, нақтырақ әрі тарқатып атап айтсақ, Катар қаладағы ең қымбат Harrods сауда орталығына, Shard зәулім ғимаратына, Savoy және Grosvenor House қонақ үйлеріне иелік етеді, бұған қоса, Canary Wharf іскерлік ауданының теңдей қожайыны, әлемдегі ең ірі 5 әуежайдың бірінен саналатын Хитроу әуежайының 20 пайыз акциясына ие. Sainsbury's азық-түлік дүкендер желісінің 14 пайыз акциясына иелік етеді. Лондон көлік департаменті катарлық жарнамаға футбол жанкүйерлеріне өз командасына қолдау білдіруге тыйым салмаған жадайда ғана рұқсат берілетінін жеткізді. Осы орайда Катардағы әлем чемпионаты кезінде ағылшын жанкүйерлерінің кезінде, яғни, Дохадағ стадиондардың бірінде мұсылмандарға қарсы аттанған крест жорықшылары секілді киініп алғаны да аталған араб елінің наразылығын тудырғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат