|
Араб елінде қасақана кісі өлтіргендерге жаза күшейтіледі
|
Біріккен Араб Әмірліктерінде қасақана кісі өлтіргені үшін бас бостандығынан айырудың ең аз мерзімі 7 жылдан 15 жылға дейін, ал ең көп мерзімі 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайтылды. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Заңнамадағы өзгерістер БАӘ федералдық декрет-заңына қазан айының 8-де жарияланған қылмыстар мен жазалар туралы түзетулерде қарастырылған: адам өлтіргені үшін жазаны реттейтін 384-баптың 3-тармағына өзгерістер енгізу көзделген. Заңның жаңа редакциясына немесе нұсқасына сәйкес қысастан (белгілі бір қылмысы үшін кек алу) бас тарту сот талқылауының кез келген кезеңінде немесе үкім орындалғанға дейін мәлімделуі мүмкін. Сот қылмыстың мән-жайын және қолданылатын заңнама нормаларын ескере отырып, 15 жылдан 20 жылға дейінгі шекте қамау мерзімін белгілейтін болады. Негізгі принцип өзгеріссіз қалады: қаза тапқан адамның мұрагерлері тарапынан кешірім жасау кінәліні қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Түзетулер қысас құқығынан бас тартқаннан кейін қолданылатын жазаны қатайтады. Бұл ретте жәбір шеккен немесе кісісі қаза тапқан тарап өтем талап етуден бас тарту айыпталушыны ақтап алмайды және қылмыстық қудалау процедурасын тоқтатпайды. Мемлекет қоғамды қорғау және ауыр қылмыстардың алдын алу үшін жаза тағайындау құқығын сақтайды.