|
Әлемнің тағы бір елі қайтқан адамды «экологиялық жерлеу» жолымен ақтық сапарға шығарып салатын болды
|
Террамация деп аталатын жерлеу процедурасы 2018 жылдан бастап арнайы жабдықталған ғимараттарда жүзеге асырылатын болады. Бұл жайында islam.kz порталы inbusiness.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында қайтыс болған адамның сүйегін немесе мәйітін топыраққа айналдыруға мүмкіндік беретін заңды қаабылдады. Осылайша Австралияда алғаш рет экологиялық қоршаған ортаға зияны жоқ жерлеу жоралғысына қатысты арнайы заң қабылданып отыр. Десе де заң бойынша адамның еркінен тыс қолданылмайды. Ақтық сапарға кім қалай аттанғысы келеді, әркімнің өз қалауы шешеді. Террамация мәйітті жер қойнына тапсыру (жерге көму) мен мәйітті өртеу (кремация) секілді жерлеу жоралғыларына балама бола алады. Қаза болған адам тәнінің табиғи жолмен, яғни, биологиялық тұрғыдан ыдырауын ұйғаратын мұндай процедурада мәйітті органикалық өсімдік материалдары, мысалы жоңышқа, шөп немесе ағаш үгінділері бар арнайы ыдысқа салады. Ішінде органикалық заттардың ыдырауын жеделдету үшін бірнеше күн бойы жоғары температураны ұстап тұрады. Шамамен бір айдан кейін дененің көп бөлігі ыдырайды, ал сүйектер мен медициналық импланттар қалады. Сүйектерді алып, арнайы құрылғыда ұсақтайды және жалпы қоспаға қайтарады. Содан кейін материалды одан ары «өңделуі» үшін бірнеше аптаға қалдырады. Алынған топырақты қаптарға немесе контейнерлерге буып-түйеді және туыстарына береді. Оны, мысалы, ағаштарды тыңайту үшін немесе саябақтарды көгалдандыру және табиғи аумақтарды қалпына келтіру жобалары үшін пайдалануға болады. Террамация қазiргi уақытта қалдықтармен жұмыс iстеудiң салыстырмалы түрде жаңа тәсiлi болып отыр. Басылымның мәліметінше, мұндай процедура Германияның бір бөлігінде және Американың 14 штатында ғана рұқсат етілген. Осынау жерлеу түріне қатысты заң жобасы талқыланғанда адамның мәйітіне құрметпен қарау аспектісіне ерекше назар аударылған болатын. Осы орайда аталған елде кремацияның үлесі артып келе жатқанын айта кетпекпіз: Сиднейде - 70%, ал аймақтарды, соның ішінде осындай заң қабылданған Жаңа Оңтүстік Уэльсте - 75%. Кремация мен террамацияға сұраныстың өсуне бұрынңы мазарларда орын жетпейтіні және жерлеу шығынының өсуі себеп болып отыр.