|
Әлемде кедейлер саны қаншаға жеткені айтылды
|
2010 жылдан бері кедейлер саны айтарлықтай артқан – 1,2 млрд адамға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының және әлемге әйгілі Оксфорд университетінің баяндамасында келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, аз жылдың ішінде кедейлер қарасы 51,5 адамға көбейген. Олардың жартысынан көбісін – 617 млн – балалар құрап отыр, кедейлердің көбісі, яғни, 83%-ы ауылдық жерлерде тұрып жатыр. Бұл тараптағы зерттеу әлемнің 108 елін, яғни, адамзаттың 78%-ын қамтыған. Күллі әлемдегі кедейлер санының өсуіне ішінара адамзат санының артуы, ресурстың әділ бөлінбеуі, т.б. факторлар себеп болған. Десе де кедейлікпен күресте тәжірибесі бар елдер, соның ішінде түрлі әлеуметтік тұрғыдан қолдау бағдарламалары арқылы Қытай кедейлер санын 2014 дылдан бері 9,5 пайыздан 4,2 пайызға дейіг азайта алған.