|
Ауғандар Уахан дәлізіне үміт артып отыр
|
Уахан дәлізі – ауған аумағын Қытаймен жалғастыратын жалғыз әрі тар жолақ. Алайда, бұл дәліз ауған жұрты үшін стратегиялық маңызы жоғарры. Бұл дәліз қытай нарығына шығаратын төте жол, инвестиция тартатын және Пәкістанға транзиттік тәуелділігін жоятын мүмкіндік. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де Қытай тарапы шекараны ашуға асығар емес. Бұл дәліз ауғандарды тек Қытаймен емес, өзге елдермен жалғайтын жолақ. Неге қытай шекараны ашуға асықпайды? Қытай билігі, біріншіден, тәліптерден әлі де қауіптенеді? Тәліптер сауда-саттық байланысын әртараптандыруға зәру болғанымен Қытай негізінде мұсылмандар шоғырланған Шыңжан аймағының қауіпсіздігі үшін алаңдайды. Экономикалық мүддеден гөрі мемлекет қауіпсіздігін аллдымен ойлайды. Уахан дәлізі ашылса, ең бастысы, Ауғанстанды лаңкестер ошағы деп санайтын Пәкістанға кіріптарлықтан құтқарады. Пәкістан өңірлік көлік жүйесінің маңызды мүшесі болып қала береді және технологиясы дамыған, ең бастысы Үнді факторына байланысты Қытаймен тығыз байланысын жоғалтпайды. Сондықтан жаңа бағыттың пайда болуы бірнеше мемлекеттің экономикалық және саяси есебіне ықпал етуі мүмкін. Көлік бағыттарының ішінде бәсі жоғары Уахан дәлізінің Қытай, Орталық Азия, Оңтүстік Азия және Таяу Шығыс арасындағы көлік байланысы үшін неғұрлым стратегиялық маңызға ие болғандықтан Ауғанстанның осы өңірлер арасындағы дәнекерлік маңызы артады. Ол үшін Қытай тарапынан шекараның ашылғаны ғана емес, сонымен қатар, жол мен шекаралық инфрақұрылымға, логистикаға ауқымды инвестициялар қажет. Ал бұл инвестицияны Қытай бере алады. Күрделi тау бедерi, қатал климат және дамыған инфрақұрылымның болмауы осынау қауіп-қатері көп дәлізбен қатынау құнын қымбат етедi. Қауіпсіздік кепілдігінсіз, тұрақты қаржысыз бұл бағыт сауда-саттық күретамырына айнала алмайды.