Араб елі ұлты мен нәсіліне қарамай 5 жылдық туристік виза енгізеді
Араб елі ұлты мен нәсіліне қарамай 5 жылдық туристік виза енгізеді
3 жыл бұрын 2273 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің билігі ұлты мен нәсіліне қарамай барлық елдің азаматтары үшін 5 жылға арналған туристік визе енгізетінін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, аталмыш виза ең алдымен осы елге жиі жолы түсетін шетелдік азаматтарға қолайлы болайын деп тұр, дәлірегі, бұл виза бір реттік емес, бірнеше рет пайдалануға жарайды. Осылайша туристер аталған елге қайта-қайта виза аштырып жату әуресінен құтылады, бұл – бір деңіз, екіншіден, мұндай визаны бір аштырып алған шетелдік турист бес жыл ішінде қалаған уақытында еркін кіріп-шыға алады, бұдан бөлек, 90 күнге дейін аталған ел аумағында бола алады әрі қалғысы келсе, тағы 90 күнге ұзарта алады. БАӘ премьер-министрі, вице-президенті, Дубай әміршісі, ұлы мәртебелі Мұхаммед бен Рашид әл Мақтұм осындай стратегиялық қадамымен БАӘ-ні әлемдік экономика орталығына айналдыруды көздеп отыр. Осы орайда БАӘ билігінің өз-өзіне демеушілік жасап, қашықтан жұмыс істейтін кез келген ел азаматтарына өзі жұмыс істейтін компаниясы басқа елде болса да 1 жыл мерзімге резиденттік виза аштыру жоспары туралы сәл бұрын мәлімдегенін айта кету керек. БАӘ премьер-министрі, вице-президенті, Дубай әміршісі, ұлы мәртебелі Мұхаммед бен Рашид әл Мақтұм атап өткендей, жаңа виза түрі, әсіресе, жұқпалы індетке байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшкендерге ең қауіпсіз араб елінде тұрып жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. 2020 жылдың қазан айында Дубай үкіметі қашықтан жұмыс істейтін шетелдік компания қызметкерлеріне резиденттік виза аштырмай-ақ аталған әмірлік аумағында тұруына мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама қабылдаған болатын. Аталған бағдарламаға қатысушылар осы елде банктен шот аштырып, өз атына телефон нөмірі мен интернет байланысты тіркете алады, сондай-ақ, коммуналдық және мектептің оқу ақысын төлей алады. Осы ел аумағында тұрып қашықтан жұмыс істейтін халықаралық компания қызметкерлері аталған араб елінде жеке бас табыс салығынан босатылады.

Ұқсас материал:

"Араб елі дәрігерлерге «алтын» виза береді" (https://islam.kz/kk/news/alem/arab-eli-darigerlerge-altyn-viza-beredi-14414/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат