Араб елі түсік жасату туралы заңды жұмсартты
Араб елі  түсік жасату туралы заңды жұмсартты
28 күн бұрын 560 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінде зорлаудан немесе инцест (туысынан)  жүкті болып қалған әйелдерге түсік жасатуға рұқсат беретін түзету енгізді. Қылмыс жасалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлап, кейіннен прокуратураға ресми хабарлама беруі тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы The National News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң талаптары осынау араб елінің аумағында кем дегенде екі жыл тұрған тұрғындарға ғана қолданылады. Министрлер кабинетінің 2024 жылғы № 44 қаулысында «егер жүктілік әйелдің еркінен тыс, оның келісімінсіз жыныстық қатынасқа түсу нәтижесінде болса» және «егер әйел неке қиюға құқығы жоқ туысынан аяғы ауырласа, түсік жасатуға рұқсат етіледі» делінген. Қаулыда түсік жасату кезінде ұрықтың жасы (құрсақтағы шарананың мерзімі) 120 күннен аспауы керектігі, ал түсік процедурасы аяғы ауыр әйелдің өміріне үлкен қауіп төндірмеуі, медициналық салдары болмауы керек делінген. Бұл ереже әйел құқығын кеңейту бағытында қабылданды. Осы уақытқа дейін БАӘ-де жүктілік әйел денсаулығына, өміріне қауіп төндірген жағдайда немесе құрсақтағы шарананың өмір сүруге қолайсыз ауытқыуы анықталған жағдайда ғана рұқсат етілетін. Бұл заңға енгізілген түзетулер бұрынғы ережелердің жаңартылған нұсқасына жатады. Енді жедел түсік жасату отасын бастау үшін күйеуінің емес, жүкті әйелдің келісімін ғана талап етеді

0 пікір
Мұрағат