Араб елі қажылық пен ұмраны ұйымдастырушыларға қатысты ережелерді қатаңдатады
Араб елі қажылық пен ұмраны ұйымдастырушыларға қатысты ережелерді қатаңдатады
2 ай бұрын 410 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің ислам істері және уақыптар жөніндегі бас басқармасы (GAIAE) қажылық және ұмраны ұйымдастырушылар үшін процесті оңтайландыруға және әмірлік қажыларының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қатаң, жаңа ереже талаптарын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы өзгерістер қажылық науқанын ұйымдастыру, лицензиялау процесі және заң бұзған жеке тұлғалардың, ұйымдастырушылардың немесе қауымдастырылған компанияларға салынатын айыппұл туралы ережелерді қамтиды. Түзетулер қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Басқарманың құзырындағы қажылық пен ұмраға лицензия берумен айналысатын ұйымдастырушы компаниялардың қызметін реттеуге арналған. Жаңа қабылданған ереже БАӘ-ның қажылық басқармасы ұсынатын қызметтер мен құралдарды немесе GAIAE-нің тиісті рұқсатынсыз Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде пайдаланатындарға 50 000 дирхам мөлшерінде айыппұлды қамтиды. Сонымен қатар, қажылық немесе ұмраны ұйымдастыруға байланысты қызметпен айналыспас бұрын уәкілетті органнан лицензия алуды міндеттейді. Бұған жарнама акциялары мен қажыларды тарту, сондай-ақ, осы мақсатта қаржы жинау да кіреді. БАӘ-ның қажылық басқармасы қасиетті қажылық маусымында мемлекеттің ресми өкілі ретінде БАӘ қажыларына көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылайды, қажыларға қатысты мәселелер шешімін Сауд Арабиясы билігімен келіседі және осындай қызметтерді ұсынатын компаниялардың қызметін қадағалайды.

0 пікір
Мұрағат