АҚШ «Армян геноцидін» ресми мойындады...
АҚШ «Армян геноцидін» ресми мойындады...
3 жыл бұрын 2815 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жалған деректен пайда болған жаңсақ ұғым

АҚШ президенті Джо Байден 1915 жылы түріктер армяндарды жаппай қырып-жойды дейтін тарихи шынайылығы күмәнді дерек негізіндегі ойдан шығарылған «армян геноцидін» ресми мойындады. Бұл жайында islam.kz порталы The Wall Street Journal мерзімді басылымы мен шетелдік бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ билігінің бұл қадамы Түркия мен Әзірбайжан халқының наразылығын тудырып отыр. Осы орайда Әзірбайжан Түркияға Қарабақты армян басқыншыларынан қайтарып алуға көмектескені үшін жақтасып отырмағанын айта кету керек, әзірбайжан мен армян шекралас көрші елдер, бір-бірінің тарихын терең білетіндіктен, дәлірегі, «армян қырғынының»  жалған екенін білетіндіктен әзірбайжандар наразылықтарын білдіріп отыр. Армян бейбіт тұрғындарынан, кей мәлімет бойынша бір жарым млн-дай адам түрік әскерилерінің қолынан қырылды деген түбі шикі деректің пайда болуына қысқаша тоқтала кеткен жөн. Түбі шикі дейтініміз, Османлы аумағындағы армяндардың қарасы статистикалық мәлімет бойынша 1 млн 219 мың 323 армян болған. Бұл – Османлы империясының күні батуға таяу қалған шақта орын алған «армян депортациясы» салдарынан пайда болған жаңсақ дерек: жыл сайын сәуір айының 24-і күні армяндар аза тұтатын армяндар (дәл осы күні (2015 жылы) армяндардың жетекшілері тұтқындалған күн – Османлы аумағында армян баскесерлеріне дем бергені үшін) түріктердің боданы болғаны үшін есеп айырысудың құралы мен саяси саудаға айналдырып алған тақырып, дәлірегі, әлем елдерінің саяси сарапшылары мен парламентін «армян геноцидін» мойындатуға күш салып келеді. Армяндар немесе батыс елдерінің тарихшылары айтып жүргендей, жаппай қырғын болған жоқ, алайда, депортация кезінде болған адам шығынын асыра көрсетуден пайда болған дерек. Саны аз армяндар, өкінішке қарай, ХХ ғасырдың басында да әлемдік ірі ойыншылардың «қуыршағы» болып қалды. Османлы кезінде армяндардың 29 адам «паша» (падишахтан кейінгі мәртебеге ие болған тұлға) титулына ие болғанын айтсақ та жетіп жатыр. Бұл мәліметке сенгісі келмейтіндер 1913 жылы Османлының сыртқы істер министрі болып ұлты армян Габриел Норадугянныңлауазымды қызмет атқарғанын жоққа шығара алмайды.

Жалған деректі малдану себептері

Франция мен Швейцарияда армян геноцидін жоққа шығаруға тыйым салатын заң да қабылданған болатын. Алайда, француздар кейін бұл заңның күшін жойды – сөз бостандығына қайша келетіні үшін. Ал Джо Байданнің мұндай қадамға баруына нендей жағдай түрткі болғанын айта кету керек – Джо Байдан президенттікке кандидат кезінде сайлаушыларына «болашақта қайталанбасы үшін армян геноцидін мойындап, адам құқығының салтанат құруы үшін осындай қадамға баратынын» мәлімдеп, уәде еткен еді. Әлбетте, қазіргі Ақ үй қожайыны уәдесінде тұрды, алайда, түбі шикі «армян геноцидін» өзінің саяси ұпай жинау үшін пайдаланып отырғанын айта кетпеске болмайды. Мұның артында батыс елдерінің қас-қабағынан ықпай өз саясатын дербес жүргізуге көшкен Түркияның Ресеймен арадағы зениттік зымыран кешеніне байланысты мәміле жатқанын білесіздер. АҚШ президенттерінің арасында алғашқы болып «армян геноцидін» мойындаған Джо Байденнің бұл қадамы оны батыл шешім қабылдайтын тұлға ретінде танытқанымен стратегиялық шалыс қадам жасағанын айта кету керек. Түркияның Таяу шығыстағы аймақтық держава ретінде ықпалының артып келе жатқаны да батыс елдерінің геосаяси мүддесіне соққы болып тиюде. Дәлірегі, әлемдік энергетиткалық ресурстың жартысынан астамын жамбасына басқан аймақтағы саяси ойындардың бел ортасында жүрген негізгі ойыншылардың бірінен саналатын Түркия өзінің қауіпсіздігі мен экономикалық мүддесі үшін батыс елдерінің қолайына жақпайтын батыл қадамдарға бару арқылы ең алдымен аймақтағы әлемдік ірі ойыншылар (Ресей, Қытай, АҚШ) арасындағы баланстың сақталуын қамтамасыз етіп отыр. Түркияға АҚШ та, Қытай да, Ресей де – бірдей, десе де аймақтағы күштер балансын сақтау арқылы онсыз да күйі қашқан Таяу шығыстағы саяси дағдарыстың одан ары тереңдеуіне жол бермей отыр. Бұл дағдарыс ең алдымен Түркияның өзіне қауіпті – егемендігіне, аумақтық тұтастығына қатерлі.

Салдары:

Түркия билігі Інжірліктегі америкалықтардың әскери базасын жабуы мүмкін. Десе де бұл саяси акті екі ел арасында айтарлықтай өзгеріс тудыра қою неғайбыл.

Армян геноцидін мойындаған елдер 

Ұлыбритания, Ресей, Франция, Германия, Полша, Австралияның кейбір штаттары, Австрия, Аргентина, Белгия, Боливия, Бразилия (Сан-Пауло штаты, Сеара штаты), Ватикан, Венесуэла, Италия, Канада, Кипр, Ливан, Литва, Нидерланды, Словакия, Уругвай, Чили, Швейцария, Швеция. 

Сөз арасында армяндар әлімдік ірі ойыншылардың «қуыршағына» айналды деп айтып қалдық... Әлемдік ірі ойыншыларға армяндардың Түркиямен жақындасқаны керек емес, яғни, түріктермен интеграцияға баруына Ресей де, батыс елдері мүдделі емес, бұл Түркияның аймақтағы ықпалын арттаратын қадам болмақ. 

0 пікір
Мұрағат