Жыл сайын тәжірибе барысында 100 млн-дай жануар ғалымдардың қолынан өледі!
Жыл сайын тәжірибе барысында 100 млн-дай жануар ғалымдардың қолынан өледі!
3 жыл бұрын 3452 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сәуір айының 24-і – зертханадағы тәжірибе жүргізілетін жануарларды қорғаудың бүкіл әлемдік күні! Бұл атаулы күнді 1979 жылы жануарларға тәжірибе жүргізуге қарсы қауымдастық пен вивисекцияға (зерттеу мақсатында жануарлар организіміне хирургиялық ота жасау) қарсы ұлттық қоғам енгізген болатын. Әлем елдері бұл тарапта қандай саясат жүргізіп отыр немесе қандай шаралар қабылдаған? Соған тоқтала кетеміз. Бұл жайында islam.kz порталының танымдық дерегін назарларыңызға ұсынамыз.

Жануарларға тәжірибе жүргізу көне заманнан келе жатқан нәрсе, дәлірегі, ежелгі грек жазбаларында кездеседі. Алайда, жануарларға зерттеу мақсатында жаппай тәжірибе жүргізу тек ХІХ ғасырда өріс алды. Жануарларға тәжірибе анатомиялық ерекшеліктерді білу, ауру ошағын анықтау, емдеу, дәрі-дәрмек пен опа-далап алу, әскери, медициналық, ғарыштық, т.б. зерттеу мақсаттарында жүргізіледі. Жыл сайын тәжірибе барысында 100 млн-дай жануар ғалымдардың қолынан өледі! Соның ішінде, тышқандар мен егеуқұйрықтар, маймылдар, иттер және қояндар көптеп өледі. 1959 жылы Уильям Рассел есімді зоолог пен микробиолог Рекс Берч 3R стандартын енгізді. Аталмыш стандарт зертханадағы жануарлармен жұмыс істеудің биоэтикасын ұйғарады. Яғни, тәжірибедегі жануарларға барынша жанына бататын тәжірибелерді жүргізуді реттейтін стандарт. Соның ішінде, жансыздандыратын дәрі қолдану талап етіледі. Швеция ғалымдары тек қолдан зертханада өсірілген жануарларға ғана тәжірибе жасауға көшкен ел ретінде белгілі. Үгінгі таңда әлемнің 600-ден аса компаниясы жануарларға қатысты биоэтиканы сақтайды. 

 

0 пікір
Мұрағат