Әлеуметтік қамсыздандырудағы жол көрсетуші иттердің әлемдегі саны қанша
Әлеуметтік қамсыздандырудағы жол көрсетуші иттердің әлемдегі саны қанша
4 жыл бұрын 2156 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Зағип жандар үшін жол көрсетуші иттерді тәрбиелеу көп уақытты алады әрі күш-жігерді талап етеді. Жапонияда ондай иттердің қарасы 900-ден сәл-ақ асады. Ал мұндай иттерге 3000-нан аса мүмкіндігі шектеулі жан тапсырыс берген. Бұл тапшылықты қалай жоюға болады немесе зағиптердің итке деген сұранысын қалай қанағаттандыруға болады. Күншығыс елінің қайырымдылық ұйымдарының есебі бойынша елдегі зағип жандарды әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру үшін өткен жылдың наурыз айының соңына таман 928 ит үйретілген. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 13 итке кем. АҚШ пен Еуропадағы ахуалмен салыстырғанда жапон қоғамында бұл мәселе күрделі сипат алған. 1970-ші жылдары зағиптерге бар-жоғы 200-ге тарта ит қызмет еткен. 1980-ші жылдардың бас кезінде мұндай иттердің қарасы 600-ге жеткен болатын. Ал 2000-шы жылдардың екінші жартысында бұл көрсеткіш мыңнан асып еді. Алайда, 2010 жылдан кейін мұндай иттердің қарасы жылдан жылға азайып келеді. Соңғы жылдары жылына ары кетсе 150 итке дейін ғана үйретілген. Халықаралық жол көрсетуші иттер федерациясының жыл сайынғы келтіретін дерегіне қарағанда, 2018 жылы Ұлыбританияда мұндай иттердің қарасы кем дегенде 5000-ды құраған. Ал АҚШ-та бұл көрсеткіш 10 мыңның ар жақ, бер жағында болса, Австралияда мыңнан асқан. Жапония тұрғындарының санына шақсақ, бұл жағынан күншығыс елі өзге дамыған елдерден көп артта қалып қойған. Жапондардың жол көрсетуші иттер қауымдастығының қоғамдық қоры алға тартқан мәліметке үңілсеңіз, елде көзі көрмейтін 310 000 адам бар. Әдетте жол көрсетуші иттер екі айынан 1 жасқа дейін өз еркімен асыраушылар отбасында тәрбиеленеді. Екі жасына дейін арнайы орталықта дайындықтан өтеді. Содан соң барып, яғни, емтиханды сәтті тапсырған соң зағип жанмен, яғни, болашақ қожайынымен бірге жаттығады. Жапонияда жол көрсетуші иттерді тәрбиелейтін 11 ұйым бар.

Елдер бойынша жол көрсетуші иттер саны 

Әлемдегі саны 22 000
Ұлыбритания 5000
Франция 1000-нан асады
Германия 600
АҚШ 10 000
Австралия 1000-нан асады

(Халықаралық жол көрсетуші иттер федерациясының  (IGDF) жыл сайынғы есебінен - 2018 ж.)

0 пікір
Мұрағат