Әлемде сақтаулы сирек қанның 10%-ы Иранда
Әлемде сақтаулы сирек қанның 10%-ы Иранда
3 жыл бұрын 13578 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда әлем бойынша сирек қан тобының 4000 единицасы сақтаулы, оның 350-і Иранда, яғни, парсылар елінде бұл көрсеткіш 10%-ды құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы шиғалар елінің Қан құю ұйымының жетекшісі Пейман Ешги келтірген дерекке жөн сілтеген irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, Иранды қоса санағанда әлемде 23 ел сирек қан қауымдастығының халықаралық жұмысшы тобына мүше. Атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Бразилия, Жаңа Зеландия, Нидерланды, Швейцария, Испания, Үндістан, Жапония, Қытай, Германия, Финляндия, Франция және Тайван аталмыш ассосациясының мүшесі. Осылай дей келе ол әлемнің әр түкпірінде сегіз мыңнан аса адамның сирек қан тобына ие екенін әне 1400-і Иранда екенін жеткізді.

Қосымша мәлімет: Бүгінгі таңда белгілі болғандай, адамзаттың 41%-ы бірінші қан тобында, ал екінші қан тобындағылардың қарасы 32%, ең сирек кездесетін қан тобындағылардың (төртінші) саны әлем тұрғындарының тек 5%-ын құрайды. Қан тобы 19 ғасырдың басында белгілі болды. Алайда, оған дейін де қан кеткен адамдарға қан құйылатын, алайда, біреудің қаны екіншісіне сәйкес келмейтініне қарап, яғни, организм жатырқайтындықтан ғалымдар бұл тарапта ізденеді. Қанның топқа бөлінетінін неміс химигі әрі дәрігері Карл Ландштейнер анықтаған болатын. Ол эритроциттердегі өзіндік ерекшелігі бар компоненттерді байқаған ғалым ретінде аты тарихта қалды. 4-ші қан тобындағылар сирек кездесетіндіктен кей елдерді мұндай қан тобына ие адамдарды донор болуға мәжбүрлейді. Аталған топтағы қан тапшылығын болдырмасы үшін. IV-ші қан тобындағы эритроцит антигеннің екі бірдей тобына (А және В) ие. IV қан тобын өзге қан тобына ие адамдарға құйса олардың организімі жатырқамайды, яғни, жарай береді, ал IV-ші қан тобындағыларға 1-ші немесе 2-ші, 3-ші топтағы қанды құя алмайсыз. Ғалымдардың топшылауынша, IV-ші қан тобы өзге топтағыларға қарағанда кейіннен пайда болған. Оның пайда болуына аралас неке, өмір сүру салты мен жағдайының өзгеруі, жаппай миграция, өңделген тағамдар, 2 және 1 қан топтарының мутациясы секілді факторлар әсер еткен. Бұдан бөлек, ғалымдардың пайымдауынша, бұған вирустың адам иммунитетіне бейімделуі өз әсерін тигізген. Осыған байланысты адам организімі төзімді қан тобын (IV) қалыптастыруға мәжбүр болған. 

0 пікір
Мұрағат