Әлемде алғаш рет жасанды санаға қатысты ереже бекітіледі
Әлемде алғаш рет жасанды санаға қатысты ереже бекітіледі
2 жыл бұрын 1346 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропа парламентінің депутаттары жергілікті нарықта жасанды зерде жүйесін реттеу туралы заңға келісу процесін бастап кетті. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Адам қауіпсіздігіне қауіп төндіретін AI жүйелеріне қатаң тыйым салынады. Олардың қатарына санадан тыс немесе қасақана манипуляциялық әдістерді қолданатын, адамдардың осал тұстарын пайдаланатын немесе әлеуметтік ұпай жинау үшін пайдаланылатын жүйелер (адамдарды әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік-экономикалық жағдай, жеке ерекшеліктері бойынша жіктеу) кіреді», - деп айтылған Еуропа парламентінің бұл бағыттағы мәлімдемесінде. Аталмыш заң жобасын қабылдаудағы Еуропалық Одақ (ЕО) депутаттарының мақсаты - жасанды зерде бойынша әлемдегі алғашқы ережелерді белгілеу және AI жүйелерін адамдардың бақылауына қою арқылы қауіпсіз, ашық, қадағаланатын жүйелерге айналдыру. Еуропалық парламент, сонымен қатар, қоғамдық орындарда нақты уақыт режимінде (аралығында) адамның түр-тұлғасын қашықтан биометриялық тұрғыдан анықтау жүйесіне тыйым салу және ерекшелейтін белгілерді (мысалы, жынысы, нәсілі, этникалық, азаматтық мәртебесі, діні, саяси бағыты сияқты) пайдалана отырып, биометриялық санаттарға тыйым салу туралы ұсыныс жасады. Бұдан бөлек, адам эмоциясын тану үшін AI технологияларын құқық қорғау органдарында, шекара қызметтерінде, жұмыс орындарында және оқу орындарында қолдануға қарсы екендерін білдірді. Осы орайда наурыз айының соңында кәсіпкер Илон Маск, Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Возняк және жоғары технологиялар мен жасанды зерде саласындағы мыңнан астам сарапшы атаған технологияның қауіп-қатеріне байланысты нейрондық желіні оқытуды (үйретуді) тоқтатуға шақырған ашық хат жариялағанын айта кету керек. Хатта адаммен салыстыруға болатын жасанды зерденің қоғам мен адамзатқа айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін екендігі ескертілді.

Ұқсас материалдар:

«Жасанды зерде адамзатқа жасанды зерденің қауіпті екенін өзі ескертті» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-zerde-adamzatqa-jasandy-zerdenin-qauipti-ekenin-ozi-eskertti-16172/#gsc.tab=0);

«Cарапшы жасанды зердеден келетін негізгі қауіп-қатерді атады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/carapshy-jasandy-zerdeden-keletin-negizgi-qauip-qaterdi-atady-15773/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерденің қолданылу аясына шектеу енгізіліп, кей салаларда пайдаланылуына толық тыйым салады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerdenin-qoldanylu-ayasyna-shekteu-engizilip-kei-salalarda-paidalanyluyna-tolyq-tyiym-salady-15145/#gsc.tab=0);

«Адам нейрондарынан жасанды зерде жасалады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-neirondarynan-jasandy-zerde-jasalady-18496/#gsc.tab=0);

«Нейрологтар жасанды зерде арқылы адамның ойын оқуды меңгерді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/neirologtar-jasandy-zerde-arqyly-adamnyn-oiyn-oqudy-mengerdi-video-18571/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде 300 млн адамды жұмыссыз қалдырады, есесіне әлемдік ЖІӨ-ді 7%-ға көтереді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerde-300-mln-adamdy-jumyssyz-qaldyrady-esesine-alemdik-jio-di-7-ga-koteredi-18359/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде технологиясына салынатын инвестиция күрт құлдырап кетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerde-tehnologiyasyna-salynatyn-investitsiya-kurt-quldyrap-ketti-18318/#gsc.tab=0);

«Роботқа салық салынуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/robotqa-salyq-salynuy-mumkin-18262/#gsc.tab=0);

«Адамды өлтіретінін немесе тірі қалдыратынын өзі шешетін жасанды интеллекті жасауға тапсырыс берді» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamdy-oltiretinin-nemese-tiri-qaldyratynyn-ozi-sheshetin-jasandy-intellekti-jasauga-tapsyrys-berdi-11280/#gsc.tab=0);

«Әлемде тұңғыш рет: жасанды интеллекті пәтуа шығаратын болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-tungysh-ret-jasandy-intellekti-patua-shygaratyn-bolady-12615/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті және гомеостаз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-jane-gomeostaz-12777/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті «эволюциясы»: иіс сезетін чип жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-evolyutsiyasy-iis-sezetin-chip-jasaldy-13370/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті адамды алмастыратын күн жақын» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-intellekti-adamdy-almastyratyn-kun-jaqyn-9972/#gsc.tab=0);

«Адамның жүзін тану жүйесі бір жағдайда ғана қолданылуы тиіс» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamnyn-juzin-tanu-juiesi-bir-jagdaida-gana-qoldanyluy-tiis-15857/#gsc.tab=0);

«Еуропа ондаған млрд еуро шығын әкелетін заңды не үшін қабылдады» (https://islam.kz/kk/news/alem/europa-ondagan-mlrd-euro-shygyn-akeletin-zandy-ne-ushin-qabyldady-15534/#gsc.tab=0);

«Еуропалық одақ адамның жүзін тану жүйесін енгізуге тыйым салуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/europalyq-odaq-adamnyn-juzin-tanu-juiesin-engizuge-tyiym-saluy-mumkin-13041/#gsc.tab=0);

«Сот адамның жүзін тану жүйесін пайдалануды заңсыз деп тапты» (https://islam.kz/kk/news/alem/sot-adamnyn-juzin-tanu-juiesin-paidalanudy-zansyz-dep-tapty-13978/#gsc.tab=0);

«Әлемде тұңғыш рет полицияға адамды тану жүйесін пайдалануға тыйым салды» (http://islam.kz/kk/news/alem/alemde-tungysh-ret-politsiyaga-adamdy-tanu-juiesin-paidalanuga-tyiym-saldy-11850/#gsc.tab=0);

«Адамды қан тамырларына қарап танитын жүйе жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamdy-qan-tamyrlaryna-qarap-tanityn-juie-jasaldy-12398/#gsc.tab=0);

«Адам тану технологиясы қанша қашықтықтан адамды жүрсінен таниды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-tanu-tehnologiyasy-qansha-qashyqtyqtan-adamdy-jursinen-tanidy-12763/#gsc.tab=0);

«Адамды көлеңкесіне қарап танитын технология ойлап табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamdy-kolenkesine-qarap-tanityn-tehnologiya-oilap-tabyldy-12322/#gsc.tab=0);

"Адам жүзін тас қараңғыда тану жүйесі жасалады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-juzin-tas-qarangyda-tanu-juiesi-jasalady-13176/#gsc.tab=0);

«Енді интернетке адамның жүзін тану жүйесі арқылы кіретін боласың» (https://islam.kz/kk/news/alem/endi-internetke-adamnyn-juzin-tanu-juiesi-arqyly-kiretin-bolasyn-12507/#gsc.tab=0);

«Адамның жүзін тану жүйесін әжетханаға дейін қойып жатыр... Бұл не үшін қажет болды?» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamnyn-juzin-tanu-juiesin-ajethanaga-deiin-qoiyp-jatyr-bul-ne-ushin-qajet-boldy-12562/#gsc.tab=0);

«Қытай билігі ел азаматтарын қадағалауды күшейтуге мүмкіндік беретін тағы бір шараны қолға алып жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-biligi-el-azamattaryn-qadagalaudy-kusheituge-mumkindik-beretin-tagy-bir-sharany-qolga-alyp-jatyr-12785/#gsc.tab=0

«Адамның жүзін тану жүйесін алдайтын нейрожелі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-juzin-tanu-juiesin-aldaityn-neirojeli-paida-boldy-15581/#gsc.tab=0);

"Бақылау камерасына адамды көрінбейтін ететін өрнек жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/baqylau-kamerasyna-adamdy-korinbeitin-etetin-ornek-jasaldy-foto-13570/#gsc.tab=0);

«Адамның бет-жүзін тану жүйесін «алдайтын» маска жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-bet-juzin-tanu-juiesin-aldaityn-maska-jasaldy-17120/#gsc.tab=0);

«Адамның жүзін тану жүйесін түрік ғалымы ойлап тапқан» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-juzin-tanu-juiesin-turik-galymy-oilap-tapqan-12251/#gsc.tab=0); 

«Жасанды зерде көзілдірігі камераны пайдаланбай-ақ адамның не дегенін ерін қимылынан аңғарады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-zerde-kozildirigi-kamerany-paidalanbai-aq-adamnyn-ne-degenin-erin-qimylynan-angarady-video-18457/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат