Адам тану технологиясы қанша қашықтықтан адамды жүрсінен таниды
Адам тану технологиясы қанша қашықтықтан адамды жүрсінен таниды
4 жыл бұрын 2565 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кезінде Қытайда жұртшылықтың назарына ұсынылып, қазіргі уақытта қолданысқа біртіндеп қолданысқа ене бастаған адамды жүрісінен тану жүйесі, тіпті, көшеде өтіп бара жатқан кез келген адамды жүзі жасырулы болса да немесе алыстан түсірілсе де танып қояды. Бұл технологияны алдау мүмкін емес, өйткені, әр адамның жүрісі қайталануы сирек өзгешелікке ие. Қытайдың Watrix компаниясы адамды жүрісінен әрі дене тұрқынан тануға мүмкіндік беретін жаңа құрылғы жасап шығарған болатын. Жасанды интеллекті камередан теріс айналып ту сыртын берсе де, бетперде кисе де адамды тануға қабілетті. Аталмыш жүйе адамның дене тұрқын, бойын, салмағын, жылдамдығын, т.б. деректер базасында сараптап тануға негізделген. Жорта ақсаңдай басып немесе әдейі баяу адымдасаңыз да, ол ол ма, қалың нөпірдің арасында жүрсеңіз де тани алады. Яғни, тарқатыңқырап әрі нақтырақ айтқанда, қазіргі уақытта жасанды интеллекті алгоритмі бір шаршы шақырым аумақтағы мың адамды барынша дәл таниды. Сондай-ақ, осынау жүйе арқылы бұқаралық шара кезінде тобырдың мінез-құлқын болжай алады. Осылайша аталған елдің билігі адамдардың қандай мақсатпен топтасқанын, жиналғанын біліп, дер кезінде қатердің алдын алатын болады. Кезінде жаңашылдығымен елдің назарын өзіне аударған аталмыш технология адамды 50 метр қашықтықтан 94 пайызға ары кетсе он минуттың ішінде дәл анықтап бере алады. Ал CAS ғалымы Хуан Юнчжэннің сөзіне қарағанда, адамды 50 метр қашықтықтан 200 миллисекунд ішінде тани алмақ. Яғни, қас қағым сәттен де тез таниды. Watrix компаниясының мамандары алдағы уақытта адамды нақты уақытында жазбай тануға мүмкіндік беретіндей етіп жетілдіруді алдына мақсат етіп қойып отыр.

0 пікір
Мұрағат