Әлем бойынша құлдыққа тап болғандардың қарасы қаншаға жетті
Әлем бойынша құлдыққа тап болғандардың қарасы қаншаға жетті
5 жыл бұрын 2365 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күллі әлемде 40 млн-нан аса адам осы заманғы құлдыққа түскен. Олардың төрттен бірін балалар құрайды. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының осы заманғы құлдық түрлеріне қатысты Урмилы Бхуланың арнайы баяндамасында айтылған. Женева қаласында өткен адам құқығы жөніндегі ұйым кеңесінің 42-ші сессиянда оқылған аталмыш баяндамада бұдан өзге де құлдыққа қатысты мәліметтер келтірілген. Баяндамашының айтуынша, құлдыққа тап болатындар қарасы алдағы уақытта артпаса, кемімейді. Өйткені, қоршаған ортаның ластануы, урбанизация, миграция, демографиялық өзгерістер, қарулы қақтығыстар секілді факторлар осынау жат құбылыстың одан ары өршуіне алып келмек. Сондай-ақ, баяндамада құлдыққа тап болғандардың 60 пайызы жекеменшік секторда ауыр жұмысқа жегілгені айтылған. Құлдардың дені Азия-Тынық мұхиты аймағында және Африка құрлығында.

0 пікір
Мұрағат