|
Әйелдің сауатсыздығынан әлемдік экономика 30 трлн доллар шығынға батуда
|
Күллі әлем бойынша 130 млн-нан аса қыз бала мектеп табалдырығын аттамаған. Осыған байланысты әлемдік экономика жылына 30 трлн долларға дейін шығынға батады. Бұл жайында Дүниежүзілік банк мамандары жасаған баяндамада айтылған. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, еге әлемдегі әрбір қыз бала 12 жыл бойы толыққанды білім алса, онда олардың жалпы табысынан әлемдік экономикаға күніне 15-тен 30 трлн-ға дейін пайда түсіп отырады екен. Аталған халықаралық қаржы мекемесінің келтірген дерегіне үңілсек, 2016 жылдың өзінде әлем бойынша 6 жастан 12 жасқа дейінгі шамамен 132 млн қыз бала мектепке бармаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады
■
ДНҚ-ны онкологиялық мутациялардан қорғаудың жасырын тетігі табылды