700-ден аса медресе мектепке айналдырылады
700-ден аса медресе мектепке айналдырылады
3 жыл бұрын 2571 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Үндістанның мұсылмандар көп шоғырланған Ассам штатындағы 700-ден аса медресе осы жылдың сәуір айына қарай билік тізгінін ұстаған ұлтшылдар партиясының ұйғарымымен заң жүзінде кәдімгі орта мектепке айналдырылатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің білім беру министрі Химанта Бисуа Сарма «бізге мешіт имамы емес, полиция офицері, дәрігер, мұғалім, шенеунік керек» деп мәлімдеді. Осылайша өздерінің асыра сілтеуге барабар әрекеттерін ақтап алуға тырысып отыр. Алайда, елдегі оппозициялық партия биліктің бұл қадамын ашық сынап, исламофобиялық сипаты басым екенін қадап айтты. Ал конгресс партитясының атынан сайланған депутат Уәжид Шаудхаридің мәлімдеуінше, ұлтшыл билік осылайша мұсылмандарды жер бетінен жойып жіберуді көздеп отыр. Осы орайда Үндістанның шығысында орын тепкен Ассам штатында 31 млн-нан (кей мәліметте 33 млн) аса адам шоғырланғанын айта кетпекпіз. Олардың 65%-дан астамын үнділік наным-сенімде болса, шамамен 31%-ын мұсылмандар құрайды, алайда, кейбір дерек көздерінде, соның ішінде 2011 жылғы санақ бойынша жергілікті мұсылмандар қарасы бұл шамадан сәл көбірек - аталған штат тұрғындарының жалпы санынан шаққанда 34,22%-ды құрап отыр.

Ұқсас материал: «Зайыбына немесе күйеуіне исламды насихаттап, мұсылман етуге талпыныс жасауды қылмыс ретінде танитын заң қабылданды» (сілтеме: https://islam.kz/kk/news/alem/zaiybyna-nemese-kuieuine-islamdy-nasihattap-musylman-etuge-talpynys-jasaudy-qylmys-retinde-tanityn-zan-qabyldandy-14462/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат