30 жылдан соң адамзаттың жартысы артық салмақтан зардап шегетін болады
30 жылдан соң адамзаттың жартысы артық салмақтан зардап шегетін болады
3 жыл бұрын 2578 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Германиядағы Потсдам институтының ғалымдары 30 жыл ішінде 4 млрд-тан аса адамның артық салмақтан зардап шегетінін мәлімдеді. Олардың 1,5 млрд-ы семіздік індетінен азап көреді. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыған байланысты денсаулық сақтау саласы дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Ғалымдардың пайымдауынша, ғасырдың орта шенінде азық-түлікке сұраныс 50 пайызға артады, осыған байланысты жердің асырау мүмкіндігінен, дәлірегі, табиғатты сақтау шегінен асып түсетін болады. 1965-2100 жылдар аралығындағы әлемдегі тамақтану әдетіндегі өзгерістерді шолу арқылы азық-түлік өнімдеріне сұраныстың тұрғындар санының көбеюі, қартаю процесі, дене салмағының артуы, дене белсенділігінің төмендеуі, тағам қалдықтарының өсуі секілді түрлі факторларға қалай әсер ететінін зерделеп көрген екен. 1965 жылдан бастап құрамында ақуыз бен қант көптеп кездесетін ет өнімдерінің, жануарлар майы мен өнімдерінің тұтыну көрсеткіші тұрақты түрде артып келеді. Немістердің аталған жоғарғы оқу орнының ғалымдары келтіріп отырған дерекке қарағанда, 2010 жылы адамзаттың 29 пайызы артық салмақтан, ал 9 пайызы семіздіктен зардап шеккен. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш былайша өрнектеледі: адамзаттың 16 пайызы семіздіктен, ал 45 пайызы артық салмақтан зардап шекпек. Сонымен қатар, тағам қалдықтары артып, 500 млн-ға тарта адам аштық азабын тартпақ.

0 пікір
Мұрағат