|
22 жылдан бері кедейлік деңгейі тұңғыш рет өсті
|
Әлемдегі кедейлік деңгейі 22 жылдан бері тұңғыш рет өскен. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриштің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БҰҰ бас хатшысы мәлімдемесінде, сондай-ақ, тұрақсыздық жайлаған, қарулы қақтығыс орын алып отырған аймақтардағы экономиканың кері кетуінен тағы 18-27 млн адамның кедейлік қамытына кіретінін тілге тиек етті. Бұдан бөлек, Бүкіл әлемдік банк келтірген мәлімет бойынша 2030 жылға қарай әлемдегі кедейлердің үштен екісі тұрақтылығы шайқалған елдерде өмір сүреді. Кедейліктің кеңінен етек алуына жұқпалы індет пандемииясына байланысты елдер арасындағы барыс-келіс пен алыс-берістің, сауда-саттықтың төмендеуі себеп болып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Ұрыны ауадағы «ізі» арқылы ұстауы мүмкін