2019 жылы әлемде аштықтан қанша млн адам зардап шекті
2019 жылы әлемде аштықтан қанша млн адам зардап шекті
4 жыл бұрын 1938

Коронавирус пандемиясы әсерінен 2030 жылы ашыққандар саны 840 миллионға жетуі мүмкін.

БҰҰ баяндамасының мәліметі бойынша 2019 жылы әлемде аштықтан 690 млн адам зардап шеккен. Коронавирус пандемиясы бұл жағдайды ушықтырып жіберді, деп хабарлайды DW.

«Әлемде ашығып жүрген адамдар саны артып жатыр. Бұл туралы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жариялаған баяндамада айтылған. 2019 жылы әлемде 690 млн адам аштықтан зардап шеккен. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 10 млн, 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен 60 млн адамға көп. Ал азық-түліктің жетіспеушілігінен зардап шегіп жатқандар саны 2019 жылы 2 млрд адам болған», - деп жазады басылым.

Баяндамада коронавирус пандемиясының жағдайды ушықтырып жібергені айтылады. Пандемия кесірінен пайда болған жаһандық дағдарыс тек өндіріске ғана емес, азық-түлікті тұтынуға да әсер еткен.

«Коронавирус пандемиясының денсаулық сақтау, әлеуметтік және экономикалық салаларға кері әсері көп. Бұл тұтынушылық қауіпсіздікке және халықтың осал топтарына қиынға соғады. Коронавирус кесірінен 2030 жылы әлемде 840 млн адам аштықтан зардап шегуі мүмкін», - дейді БҰҰ өкілдері.

0 пікір
Мұрағат