1950 жылдан бері Франция шіркеулерінде балаларды төсек қатынасына тартудың 10 мыңдай фактісі анықталған
1950 жылдан бері Франция шіркеулерінде балаларды төсек қатынасына тартудың 10 мыңдай фактісі анықталған
3 жыл бұрын 1336 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Франция шіркеулерінде 1950 жылдан осы уақытқа дейін кәмелет жасына толмаған балаларды төсек қатынасына тартудың он мыңға тарта дерегі белгілі болған. Бұл жайында islam.kz порталы Франция шіркеулеріндегі төсек қатынасына тарту фактілерін тергеу жөніндегі комиссия (CIASE) баяндамасында келтірілген мәліметке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. CIASE жетекшісі Жан Марк Сове жария еткен аталған баяндамадағы деректер архиепископтың мұрағаттарынан алынған әрі 6500 адамның куәлігіне негізделген. 1950 жылдан бері 10 мыңнан аса кәмелет жасына толмаған бала педофил священниктердің құрбаны болған. Осы орайда біз сөз етіп отырған CIASE ұйымының 2018 жылы құрылғанын айта кетпекпіз. Өткен жылдың маусым айында CIASE жетекшісі елде 1500-нан аса священниктің педофил екенін мәлімдеген болатын. Бұл баяндаманың түпкілікті нұсқасы осы жылдың қазан айында жарияланады.

0 пікір
Мұрағат