Өлмейтін өсиеттер
Өлмейтін өсиеттер
10 жыл бұрын 9154

Суды қанша қиялдағанмен шөлің қанбайды, отты қанша ойлағанмен жылынбайсың.

Әбубәкір Нәссаж

 

Жолдастықта пайдакүнемдік, ал достықта қиын ауыртпалықтар күтіп тұрады.

Пеями Сафа

 

Бір ғана істеген құлшылығың саған жеткілікті деп ойлайсың ба? Таудың етегінде бір рет тойғызған атпен сол үлкен тауды асып өтем деп сенесің бе?

Имам Ғазали

 

Ашуланбайтын күшті, әлсіздігін білдірмейтін кішіпейіл бол.

Хазірет Әли (р.а.)

 

Ғылымын пайдаланбайтын адам – басқаны киіндіріп, өзі жалаңаш қалған ине сияқты.

Имам Ғазали

 

Алла Тағала құлына тәубаны  нәсіп етсе,  оған азапты харам қылғаны.

Хазіреті Әли

 

Елдің бәрі қорыққан нәрсесінен қашады, ал Алладан қорыққан кісі оған жақындай түседі.

Әбул-қасым

 

Адамның қолымен жасалған кейбір жалған ақшалар сияқты, ақшалар жасаған алдамшы адамдар да болады.

 Ж. Харрис

0 пікір