Жетінші өсиет
Алла Тағала айтады: «Әй, Адам баласы! Әй, динар мен дирхамның (дүние-мүліктің) құлдары! Мен ол екеуін сендерге Менің ризық-несімемді жесін, мен жаратқан киімімді кисін және Маған тасбих айтып, Мені ұлықтасын деп жараттым. Ал сендер болсаңдар, Менің Кітабымды (Құранды) артқа тастап, динар мен дирхамды бастарыңа көтердіңдер. Өз үйлеріңді биіктеттіңдер де, Менің үйлеріңді (мешіттерді) төмендеттіңдер (елеусіз қалдырдыңдар). Сендер ізгі де емессіңдер, азат та емессіңдер; сендер — дүниенің құлысыңдар!
Сендердей жандардың жиналуы сырты ақталған, сырланған қабірлерге ұқсайды: сырты сүйкімді көргенімен, іші тым ұсқынсыз. Сол сияқты, сендер де тәтті тілдеріңмен, әдемі іс-әрекеттеріңмен адамдарға жақсы болып көрінуге ұмтыласыңдар және олардың сүйіспеншілігін аулауға тырысасыңдар. Ал іс жүзінде қатал жүректеріңмен және арам пиғылдарыңмен олардан (шынайы жақсылықтан) алыстап барасыңдар.
Әй, Адам баласы! Амалыңды ықыласпен қыл да, Менен сұра! Шын мәнінде, Мен саған сұраушылардың сұрағанынан да көп беремін»
Имам Ғазали: "Құдси хадистерден уағыздар"..